Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті ұстаздар! Баршаңызды келіп жеткен жаңа 2021 жылмен ш | Мұғалімдерге арналған Республикалық порталы🇰🇿

Құрметті ұстаздар!

Баршаңызды келіп жеткен жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл бүкіл әлем үшін оңай болған жоқ. Дүниежүзімен бірге Қазақстан да пандемиямен бетпе-бет келді. Әсіресе, еліміздің денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік-экономикалық салалары үлкен сын-қатерге тап болды.

Бірақ мұндай сынақтар бізді еш мойытқан жоқ. Қайта халқымыз жұдырықтай жұмылып, ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсетті. Осы ретте биыл жыл бойы індетпен күрестің алдыңғы шебінде болған медицина қызметкерлеріне және еріктілерге ерекше алғысымызды білдіреміз.

Келер жыл еліміз үшін жақсылық жылы болсын. Жаңа жылда баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін. Әр шаңырақ шаттыққа кенелсін. Отанымыз өсіп-өркендеп, тәуелсіздігіміз нығая берсін.

Жаңа жыл құтты болсын!
_______

Уважаемые учителя!

Поздравляю всех с наступающим Новым годом!

Уходящий 2020-й был непростым годом. Казахстан, как и весь мир, столкнулся с пандемией и ее последствиями. Борьба с коронавирусом и карантинные меры стали испытанием на прочность для экономики страны, систем образования, здравоохранения и социальной защиты граждан. Однако, несмотря на все трудности, казахстанцам удалось продемонстрировать свою сплоченность и способность противостоять любым вызовам.

Особой благодарности заслуживают медицинские работники и волонтеры, которые вносят огромный вклад в борьбу с пандемией.

Нынешний год в очередной раз доказал, что у нас в стране очень много ответственных и неравнодушных людей, готовых оказывать необходимую поддержку тем, кто в этом нуждается, и работать на благополучие всего общества.

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН Bilimjoly.kz ПОРТАЛЫ