Get Mystery Box with random crypto!

Екіжүзділіктің ауыр формасын айтайын. Екіжүзділіктің бұрыс ада | Авторлық блог | Амангелді Байғозы

Екіжүзділіктің ауыр формасын айтайын. Екіжүзділіктің бұрыс адами дерт екенін асыл дінімізден де білеміз. Мен исламтану ғұламасы, тіпті имам болмағандықтан бұл мәселені өз білімімнің шеңберінде қозғаймын.

Екіжүзділіктің ауыр формасы - мінез осалдылығы. Оны жеңу қиын. Өзімізге мақсат қоямыз, бірақ әрекетіміз сай емес. Өзгеруге серт береміз, тағы әрекетіміз сай емес. Өз-өзімізге қиянат жасаймыз, күнделікті бұл қайталама үрдіс әбден өмір сүру әдебімізге сіңіп кеткен. Сіңіп кеуіп кеткені сонша, өзімізге мақсат қойған кезде оның орындалмайтынын алдынала мойындап тұрамыз.

Мақсат дейміз. Іс басталады, соңында аяқсыз қалады. Басында эйфория мен мотивация бойыңды жаулап, бірер күннен соң жанарыңдағы жалындаған отың да жоғалады. Қайтып өзіңді алдадың, екіжүзділік таныттың. Қайтып өзіңді кінәлі сезінбейсің. Себебі ол сен үшін нормальный процесс көрінеді.