Get Mystery Box with random crypto!

«Менің қолжазбамның оқырмандарына. «Көп жасағаннан сұрама, көп | Baurzhan Momyshuly

«Менің қолжазбамның оқырмандарына. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра»,- дейді халық даналығы.
Жіп қылдан тұрады, дене тканьнан құралады. Даналық - өткеннің тәжірибесін қорытатын, қазіргі жағдайды зерделі талдайтын және болашақты көре білетін творчестволық ойдың қаймағынан тұрады.
Кірпішсіз сарай сала алмайсың. Ұшқынсыз от тұтанбас. Мейірім болмаса сүйе де алмайсың. Ашу-ызасыз жек көру мүмкін емес.
Мәжбүр етпей, мойын ұсынбас, мейірім болмай жақсы көре де, беріле де алмайсың.
Бұйрық - алғыр басшының ой-арманы. Әскерсіз - қолбасшы қауқарсыз, басшысыз - әскер әлсіз.
Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды. Азаматқа өмірден де ар қымбат, өлімнен ұят күшті. Қорқақ - дөрекі әрі ақымақ. Мейірімсіздердің жаны нәзік емес, оларға құдық та түпсіз терең. Батырға
сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.
Атқа мініп жүре алмайтынға жуас ат та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді - барлық сылтауды жайып салады.
Шошқа бағушы арғымақты тұрқына қарап ажырата алмайды, оған қашар да - ат. Құм ішіндегі дәнді қырағы көз ғана шалады. Кебект ұннан елеп, айырады, су көмір арқылы таза сүзіледі. Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады.
Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады.
Басқаны «жақсыға» білгенше, өзіңді «орташаға» біл. Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.
Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.
Tер төккенше тыраштану - пара-пар… Тым ерекше құштарлық кейде жалқаулыққа - бейжайлықпен бірдей дерлік.
Тым адалдық жалғандықпен пара-пар. Егер өткенді үнемі еске түсіріп тұратын ақ нәрсеге жамалған жамаудай көзге бадырайып тұрғаннан гөрі дұрысы бүлінген дүниені бүлдіріп тастаған жөн. Жарықты бөгде затпен бітегеннен гөрі сынғанды сындырып тастаған жақсы.
Егеp тirici сөгілмей жыртылса, оны қалдықпен жамағаннан гөрі мүлдем жыртып тастаған жөн. Бетіне түкіріп, қайтып сүйгеннен гөрі мүлдем безіп кеткен жақсы.
Екіжүзділіктің балын татқаннан әділдіктің ащы уын ішкен артық.
Қарттықтың әдемілігінен көңіл қайтқанша махаббаттың арманынан ләззат алған дұрыс.
Өтіріктің қанатын қомдағанша, ауыртпалықтың жүгінен бүгілген артық. Мақтаныш - ерлік анасы.
Айбарлы адам жасық жанға дос емес…Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.
Барлық халық барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті.
Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.