Get Mystery Box with random crypto!

әдет-ғұрпы біздің әдет-ғұрпымыздан айнымайтынына қарағанда қаз | Baurzhan Momyshuly

әдет-ғұрпы біздің әдет-ғұрпымыздан айнымайтынына қарағанда қазақ жақсы тәрбиеші болған тәрізді.
Кез келген халық жақсылыққа құштар, бірақ біздің халық жақсылыққа ерекше құштар. Оның бір дәлелі – қулыққа, сұмдыққа бармаған. Қазақтың өмірінде ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу ісі басты мақсат саналған. Тіпті ХІХ ғасырдағы қазақ халқының адал қасиеті қазіргі сіз бен бізде жоқтың қасы дерліктей. Қайсыбіріміз, жасыратыны жоқ, адал жанды:

– Өй, мынау өмірге түсінбейтін ақымақ қой, – деп күстаналайды. Халқымыз қасиеті ыдырай бастаған кезде: «Заманына қарай амалы, тауына қарай түлкісі» деген мақал ойлап тапты. Мен бұл мақалды көп зерттедім. Қулық-сұмдықты заманыңа қарай қолдан дегені дұрыс па, бұрыс па деп таразыладым. Бүгінгі таңда сен айтып отырған аңғал, адал, ақкөңіл, жамандықтан аулақ адамның жолы бола ма? 
– Болмайды.
– Дұрыс.

 Мамытбек Қалдыбай Мен халқымның Бауыржанымын кітабынан алынған