Get Mystery Box with random crypto!

Әбу һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың | Бауыржан Әлиұлы (ресми)

Әбу һурайрадан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
"Адам қайтыс болған кезде оның бүкіл амалы тоқтайды. Тек үш жолмен (сауап) үздіксіз барып тұрады. Ол тоқтаусыз садақасы (ел игілігі үшін салған көпірі, мешіті, мектебі, ауруханасы т.б.), өзгелерге үйреткен пайдалы білімі және артында қалған ізгі ұрпағының дұғасы"
(Муслим 3/1255)

Ұстазымыздың артына қалдырған дәрістері мен еңбектерін, әлеуметтік желілердегі жазбаларын пайдалану арқылы біз ұстазға да, өзімізге де пайда ала аламыз, инша Алла!

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді!

Алла Тағала ұстазымызды мейіріміне бөлеп, рахымына алсын! Әмин!