Get Mystery Box with random crypto!

Жарайсың Сол күні кешке Райымбек шаштараздан үйіне қайтып к | batyrbloger

Жарайсың
Сол күні кешке Райымбек шаштараздан үйіне қайтып келе жатқан. Бір-екі аялдамадан кейін бір жұп автобусқа мінген. Сол жерде екеуі ұрысып тұрады. Райымбек оларды бақылап, қарап отырады. Кенет ер адам әйелге пышақ алып ұра бергенде, ол орнынан тұрып мойнынан қысып артқа тартады. Дәл осы кезде қарсы тұрған бір жігіт ер адамды тепкілей бастайды. Содан кейін тағы бірнеше жолаушы қосылып, ер адамның қолынан пышағын алып қояды.

Автобустағы оқиғадан кейін ауруханада Райымбектің қолына зақым келгені анықталған. Қазір ол гипспен жүр.

Ең қызығын соңына қалдырдық. Райымбек 24 жаста. Әкімдікте, атап айтқанда экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінде жұмыс істейді екен. Үйленгенбеген, бірақ қызы бар.

Алматыда қоғамдық көліктегі жантүршігерлік оқиға: ер адам жолаушылардың көзінше бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған. Ерлі-зайыптының ажырасқанына екі жыл болғаны анықталды. Күйеуі бұрынғы әйелінің жеке өмірін бақылап жүрген.