Get Mystery Box with random crypto!

Репост жасап, Алматылықтарға бөлісе отырыңыздар. Алматының жер | batyrbloger

Репост жасап, Алматылықтарға бөлісе отырыңыздар.
Алматының жергілікті бюджеті 2 миллиард ақша бөлді. Қайтарымсыз 1.000.000 теңгелік тұрғын үй сертификаттарын ала аласыз. "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағдарламаларына қатысушы екі мың алматылық бастапқы жарнаға мемлекеттік қайтарымсыз көмек ала алады.

Бұл сертификатты кім ала алады?
-Кезекте тұрғандар-I және II топтағы мүгедектер;
- Мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
- Жетім балалар;
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Көп балалы отбасылар.

Сертификат сомасы-1 млн теңге.
Сертификатты Алматыдағы Достық даңғылы - 85 мекен-жайындағы тұрғын үй саясаты басқармасы, әлеуметтік қызметтер үйінен ала аласыздар. 2GIS картада бар)))

Ең бастысы:
Банктің мақұлдау туралы қағазы қолыңызда болу керек. (Одобрениесі)

Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй заемын беруге мақұлдау алған және соңғы жарты жыл ішіндегі табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына 106 336 теңгеден аспау керек.

1045 сұрақ қоймай, постты мұқият оқимыз))) Сәттілік
Дәл осындай сертификаттар өзге де қалаларда болу керек. Оны әкімшіліктен сұраңыздар. Жергілікті бюджеттен тыққан-пыққан ақшаларын шығарсын