Get Mystery Box with random crypto!

Көп адамның баспаналы болам деген мотивациясы депозит ашуға ға | batyrbloger

Көп адамның баспаналы болам деген мотивациясы депозит ашуға ғана жететін сияқты. Ал оны толтыру, ай сайын үзбей ақша салып отыру дегенді ұмытып кетеді-ау Сен салмасаң, сенің орныңа біреу салмайды. Өзің жинамасаң, өзге жинап бермейді. Үй маған емес, бірінші өзіңе керек. Отбасыңа керек. Баспананы өзің алмасаң, біреу келіп, мә мынау сенің баспанаң деп бере салмайды. Ай сайын 10 мың теңге болса да жинай берген дұрыс. Жылдың аяғында мемлекеттің қосатын премиясын максималды алу үшін қазірден бастап ақша жинай бер. Жетпейді десең дүние жеткізбей кетеді. Ұрысты демеңдер. Кейде осылай жазбасаң болмайды. Қамшыламаса қарап отыра беретіндер бар. Солар ойланса деймін. 2012 жылы депозит ашып ақша жинай бастағанымда өзімді осылай қамшылайтынмын. Қазір бір бес жылдай анда-мында жұмсайтын ақшамды жинасам мақсатыма жетемін дейтінмін. Аллаға шүкір Жеттім. Менің қолымнан келсе, сенің де қолыңнан келеді. Себебі сен менен де мықтысың. Жинасаң жинайсың. Просто өзің құнттамай жүрсің Өзің үшін жина. Балаларың үшін жина.
.
Араларыңда депозит ашып, бірақ ақша жинауды ұмытып кеткендер бар ма?