Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ фольклоры📚

Telegram арнасының логотипі batatilekter — Қазақ фольклоры📚 Қ
Telegram арнасының логотипі batatilekter — Қазақ фольклоры📚
Арна мекенжайы: @batatilekter
Санаттар: Санатсыз
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 44
Арнадан сипаттама

-Бата-тiлектер
-Мақал-мәтелдер
-Нақыл сөздер
-Ырым-тыйымдар
-Чат - https://t.me/batatilekter1

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-11-07 21:11:50 Қысқа баталар

Ай МҮЙІЗДІ,
Аша тұяқтым-ай.
Жұпар иісті,
Бауырсақ құлақтым-ай.
Сенде жазық жоқ,
Бізде азық жоқ,
Ақбата, ақ тілекті қабыл ет!

Той-думаныңыз құтты болсын,
Бақыты зор отау болсын.
Іші жанға толсын,
Сырты малға толсын!
Бақытың дәулетіңмен таса берсін,
Дұшпаның қырдан үркіп қаша берсін.
Бата сол бізден сізге, рахмет жауып,
Құдайым маңдайыңды аща берсін!

Той тойға ұлассын,
Бақыт балаға ұлассын.
Өрісіңді өрт шалмасын,
Жүрегіңді дерт шалмасын!

Ұлың ұядан ұшсын,
Елін ұмытпасын.
Қызың қияға ұшсын,
Жерін ұмытпасын!

Қайғыға болаттай берік,
Жердей төзімді бол.

Шаңырағыңа шаң түспесін,
Көңіліңе кірбің түспесін.

Аспандарың ашық,
Жұлдыздарың жарық болсын,
Абыройларың асқар таудай болсын!
Бізге берген етіңіз,
Ниетінізге жетініз.
Қыл көпірден өткенде,
Құламай тіке өтіңіз!

Шадияр болсын доcтасың,
Мұхаммед болсын- қостасың.
Қызыр болсын жолдасың,
Лұқпан болсын кұрдасың.
Сүрініп кеткен жеріңде,
Жеті әулие жетелеп,
Кереметімен қолдасын!
Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Айдан аман,
Жылдан есен қылып,
Үйде, түздегі
Мал-басты аман қылсын!

Әумин десең бізге,
Бата берелік сізге.
Жасың жетсін жүзге,
Мал мен басты,
Иман мен жасты,
Қабат бермейді екен деп,
Тәңіріден күдер үзбе!

Адалдық берсін асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Топқа ТҮСІП, тойлы бол,
Некер ертіп қасыңа.
Қозыларың жамырап
Қотаныңа сыймасын.
Құлындарың құлдырап,
Құла түзге сыймасын.
Келелі түйең қаптаған,
Қаратауға сыймасын.
Ақтылы қойың адалдан,
Алатауға сыймасын.
Кекалалы көп жылқың,
Кекшетауға сыймасын.
Ұл мен қызың тең есіп,
Ұлытауға сыймасын!
Бар екен деп тасыма,
Жоқ екен деп жасыма,
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
22 views18:11
Ашу / Түсініктеме
2021-11-07 21:11:23 Қысқаша дастархан баталары

Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!

Бірлік берсін басыңа,
Береке берсін асыңа.
Әумин

Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
жылдан есен қылып,
Үйдегі, түздегі
Мал-басты аман қылсын!
Әумин

Дастарханың майлы,
Көңілің жайлы болсын.
Өміріңе не тілесең,
Тілегің қабыл болсын.
Әумин
25 views18:11
Ашу / Түсініктеме
2021-11-01 10:26:37 Дастарханға қысқаша бата

Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Жарды болсаң жасыма,
Бай болсаң, тасыма!
Бақ-дәулет берсін басыңа,
Ғұмыр берсін жасыңа.
Бәле-жала, жын-шайтан,
Жоламасын қасыңа!
Иманның байлығын берсін,
Құт-берекенің бәрі келсін!

Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
жылдан есен қылып,
Үйдегі, түздегі
Мал-басты аман қылсын!

Әумин


Дастарханың майлы,
Көңілің жайлы болсын.
Өміріңе не тілесең,
Тілегің қабыл болсын.



Жарылқа, құдай, қабыл ет!
Жарылқаудың қамын ет!
Бай ет, мамыр ет,
Батамды мұстажап ет!
Құдайдан не тілесе,
Соны әзір ет!
Құдай тағала, мұның ақниетін
Қабыл ет! Әумин!

Бір құдайым оңдасын,
Оң жолыңа бастасын!
Үйіңді түрлі апаттан,
Құса-қайғыдан сақтасын!
Үміт артқан ұл қызың,
Ел сенімін ақтасын!
Аумин!

Аумин десең маған,
Құдай берсін саған.
Алтыннан – жағаң,
Күмістен – тағаң.
Оң жағыңнан кетпесін
Күрпілдек қара сабаң.
Жортсаң жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
Тілеуің қабыл,
Мұратың асыл болсын.
Ішкенің қымыз,
Жегенің сырбаз,
Кигенің түлкі болсын,
Жүрген жерің ойын-күлкі болсын!

Қозыға толсын көгенің,
Тұлпар болсын көгенің.
Құтты болсын құрығың,
Сүтті болсын құдығың.
Қияқты болсын сұңқарың,
Тұяқты болсын тұлпарың.
Өрісті болсын жайлауың,
Ырысты болсын қыстауың.
Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсын қайратың.
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің.
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың.

Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін,
Құдайым ұзақ ғұмыр жаза берсін!

Пейіліңе қонақжай
Бата берем қолың жай:
Ақ жарылған жүрегің,
Қабыл болсын тілегің.

Бізге сойдың семіз тай,
Төрт түлігің болсын сай.
Өсіп-өніп ұрпағың,
Төрт қиырға қанат жай!

Бізге сойдың құлын,
Жақсыдан болсын жұғым.
Өміріңді ұзартып,
Өзіңнен өте тусын ұлың.

Бізге сойдың марқаны,
Алдыңнан тарқат арқаны.
Сыйлы болып еліңе,
Сыбағаңды ал тағы.

Бізге сойдың қой,
Үйіңнен кетпесін той.
Қызығына қанып,
Ішпей-жемей той.

Бізге сойдың тоқтыны,
Еліңнің бұл тоқтығы.
Абырой алып ұл-қызың,
Биік болсын шоқтығы.



Ет – Сізден,
Ықылас, ниет бізден.
Тілеуі ақты тәңірім
Мұратына жеткізген.
Жақсы-жаманды көріп бақ.
Бар мен жоққа көніп бақ.
Ащы-түщыны татып көр,
Тайыз-тереңді батып көр!
Ел басына түскен сынды,
Түз кешіп, түн қатып көр.
Жиынды топқа түскенде,
Жүйрігің баптаулы болсын,
Жігітің мақтаулы болсын.
Жортуыл, жорық жолықса,
Найзаң саптаулы болсын.
Нөкерің сақтаулы болсын.
Дастарханың тоқ болсын,
Уайым-қайғы жоқ болсын.
Аман сақтап,
Абырой берсін!
Жорытқанда жолың болсын!
119 views07:26
Ашу / Түсініктеме
2021-08-16 14:53:37 Құлақ неге шыңылдайды?

Мұхаммед пайғамбар миғраж сапарында алып бәйтеректі көреді. Ағаштың жапырағына сан жетпейді. Әр жапырақта өмір сүріп жатырған адамдардың аттары жазылыпты. Пайғамбар Жебірейілден:
⁃ Бұл не? - деп сұрайды. Жебірейіл:
⁃ Бұл - адамның тағдыры. Кімнің дәм-тұзы таусылса, жапырақтың біреуі үзіліп жерге түседі. Жапырақ қиылғанда адамның өмірі қоса үзіледі. Жапырақ жерге түскенше марқұм болған адаммен аттас пенделердің құлақтары шыңылдайды. Яғни періштелер “сенімен аттас бір адам дүниеден өтті. Бұл күн сенің де басыңа келеді”, - деп, тірілердің есіне өлімді салып тұрады. Егер ол марқұм пейішке кетсе, тірінің оң құлағы шыңылдайды. Ал егер тозаққа кетсе, аттасының сол құлағы шыңылдайды, - дейді.
Пайғамбар миғраждан қайтқан соң, үмбеттерін жинап алып:
⁃ Оң құлақтарың шыңылдаса “СубханАллаһ” деп айтыңдар, сол құлақтарың шыңылдаса “АстапырАллаһ” деп тәубе етіңдер, - деп өсиет айтыпты
128 views11:53
Ашу / Түсініктеме
2021-08-14 19:28:22 БҮЛІНГЕННЕН БҮЛДІРГІ АЛМА

Бүлдіргі қамшының сабына тағылатын бау, көбіне теріден жасалады.
"Бүлінгеннен бүлдірге алма" дейтін мақалдың мағынасы: Бүлінген адамнан, арам байлықпен байыған адамнан еш нәрсе сұрама, жолдас болма деген мағынада
Ғабит Мүсіреповтың "Ұлпан" романынан үзінді: «Қожықтың жазғы жайлау, қысқы қыстауларын «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген әз Тәукенің жосық-жоралғысы бойынша қысқы, жазғы үйлерін бар мүлкімен түгел өртеп жіберді. «Бүлдіргі» қамшының сабына тағылатын екі сүйем қайыс қой».
176 views16:28
Ашу / Түсініктеме
2021-08-09 21:54:01 КӨП ТАҢДАҒАН.

Ерте ерте ертеде перідей сұлу бір қыз болған екен… Қыздың әдемілігіне қызығып небір бай, атақты, сынды кісілер алыс-жақын демей тек оны көру үшін келетін. Бірақ бойжеткен құда түскендердің ешбірін ұнатпай, барлық сый-сыяпатты кері қайтаратын. Сол қызды көрші тұратын бір бозбала да қызды ұнатқан екен. Әке-шешесіне жолығып, әйел етіп алмақшы болғанда, қыз оны да жақтырмай кері қайтарады. Бірнеше жыл бір күндей зуылдап өтіп шығады. Көрші бала ол жерден көшіп үйленеді, балашағалы болады. Бір күні ескі үйінің қасынан өтіп бара жатып, сол кездегі сұлу қыз есіне түседі. қыздың жағдайын далада отырған бір қариядан сұрайды. Қария гүл бақшасы бар үйге сілтеп, ол қыздың үйленгенін айтады. Жаңағы жігіт бір кездері ешкімді ұнатпай, ешкімге келісімін бермей жүрген қыздың жолдасы қандай екен деп тағы ойлайды. Қыздың үйіне жақындай бергенде, үйден шығып келе жатқан біреуді көреді; сондағы қыздың жолдасы – кішкентай, семіз, басы таз шал екен. Оның үстіне бай да емес. Қыздың таңдап жүріп қалайша мынандайға тап болып тұрмысқа шыға салған екен деп үйдің есігін қағады. Есікті ашқан қызға өзін танытып, мазалап тұрған сұрағын сұрайды. Қыз бақшадағы гүлдер арасынан ең әдемісін таңдап әкелсе ғана жауап беретінін айтады. Бірақ оның да бір шарты бар – бірден артық гүл жұлуға болмайды және таңдап жүріп артқа қайтуға болмайтынын ескертеді.
Жігіт гүл бақшасына үңілген сайын бір-бірінен әдемі, көздің жауын алатын гүлдерді көреді. Бірден көзге үлкен сап-сары гүл түседі. Іздегенім осы деп гүлді жұлып алайын десе, көзіне енді қызыл гүл ілінеді. Сарыны тастап, қолын қызыл гүлге соза бергенде, бір-екі қадам алда әдемі көк гүлшанағының өсіп тұрғанын көреді. Осылай жүріп жігіт гүл таңдай алмай бақшаның соныңа қалай жеткенін байқамай да қалады. Қайткен күнде де бір гүлді жұлу керек болғандықтан, амалы қалмай кезкелген гүлді жұла салып қызға әкеледі. Бақшаның ең әдемі гүлін алып келуі керек болған жігіттің қолында солуға бет алған әрі жапырағы түскен гүлді көрген қыз былай дейді: “Көрдің бе, бақшадағы гүл сияқты: алда бұдан да жақсысы кездесер деп тұрғанда өмір өтті де шықты.”

“Таңдаған тазға жолығар” деген мақал осыдан шыққан шығар
117 views18:54
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 17:21:25 Нәрестенің еңбегін баспайды.
156 views14:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 17:21:15 Бесіктегі баланы үйде жалғыз қалдырмайды.
156 views14:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 17:21:06 Бесікті бейуақытта далаға шығармайды.
154 views14:21
Ашу / Түсініктеме
2021-07-21 17:20:58 Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
155 views14:20
Ашу / Түсініктеме