Get Mystery Box with random crypto!

Он екі айды шұбыртып ертіп тағы бір жыл өтіп кетті, ә?! Тағы б | ойым басқа жақта.

Он екі айды шұбыртып ертіп тағы бір жыл өтіп кетті, ә?! Тағы бір он екі ай!.. Тағы бір үш жүз алпыс бес күн!.. Үйде едік, бос едік, ояу едік. Бәрі бір аңдамай, сезбей қалғандаймыз.
Өмірден суырылып, жұлынып кеткен он екі ай оралмасқа кеткенін бүгін ғана ұғынғандаймыз. Сонымен келер жылы да осы өкінішке кездесеріңді біле-тұра баяғы бейжай күйде қала бергендейсің!..

"Ой-сезім сәттері"
Ғабит Мүсірепов