Get Mystery Box with random crypto!

иә, мен сені 2022 жылға қалдырып бара жатырмын, өзім қаламасам | ойым басқа жақта.

иә, мен сені 2022 жылға қалдырып бара жатырмын, өзім қаламасамда.
мен сені күттім, ұзақ күттім. осы соңғы бір аптада бір нәрсе айтып қалар деп күттім. хабарласып қалар деп күттім. мен сенімен бірге болғым келеді деп айта ма деп күттім.
мен сенімен бірге болғым келді, мамам қарсы болсада, миым мен жүрегімдегі сезімді ұштастыра алмасамда. мен сенімен бірге болғым келді.

сенімен ғана уақытымды өткізгім келді. сенімен ғана ас ішіп, сенімен ғана кино көргім келді. таңымның сенімен атып, кешімнің сенімен ғана батқанын қаладым.

менің сезіміме селкеу түсірмегенінде осының бәрі болар ма еді.
менің сезімімді құрметтегеніңде арманымыз орындалар ма еді.

иә, білем менде сенің қаншама рет бетіңді қайтардым. сезіміңе сенбедім. меніде бір күн тастап кете ма дедім. барлығы орта жолдан аяқталсаше дедім.

сен менің жүрегімнің түкпіріндесің. мен сені сыйлаймын. сені жақсы көрген сезімімді сыйлаймын. бақытты болғаныңды қалаймын.
жаңа жыл саған бар жақсыны алып келсін.