Get Mystery Box with random crypto!

ГҮЛ БОЛСАҢ, ТІКЕНСІЗ БОЛ! Әбу Дарда (оған Алла разы болсын) б | БАҚЫТТЫ БОЛ

ГҮЛ БОЛСАҢ, ТІКЕНСІЗ БОЛ!

Әбу Дарда (оған Алла разы болсын) былай дейді:
«Бұрын адамдар тікені жоқ гүл секілді болатын, ал қазір гүлі жоқ тікен секілді»
(Мұхаммед ибн әл-Хасан әш-Шәйбани “әл-Мууатта” 978)
*
Имам Мулла ‘Әли әл-Қъари Әбу Дарданың бұл сөзін түсіндіріп былай дейді:
“Яғни бұрын адамдар тікені жоқ гүл секілді, олардың жанында жүрсең, хош иісін шашып, жақсылығын төгіп тұратын еді. Пайдасы болмаса, саған еш зияны тимейтін, ол адамдардың қасында көзің қуанып, жаның жайлылық табатын. Ал қазіргі адамдар гүлі жоқ тікен секілді, жуып кетсең жаныңды ауыртады. Алыс жүрсең, қателігіңді іздеп, сені аңдумен болады. (“Фатх әл-мағатта шарх әл-Мууатта” 3/440)