Get Mystery Box with random crypto!

Шыңғысхан Көпбаев 1993 жылы 14-ші шілде де Шымкент қаласында д | BALLER_SHYMSIDE️

Шыңғысхан Көпбаев 1993 жылы 14-ші шілде де Шымкент қаласында дүние келген. Кішкентай кезінен бастап рэпке құмар болған, өзінің ең алғашқы кумиры ол 2Pac, осы рэперді тыңдап рэп оқуға қызығушылық туған.
Сонымен 2008 жылы BALLER "13/93 " деген ең алғашқы трегін жазат. Одан сон бауыры BaGi мен бірге көптеген лирикалық тректер жаза бастайды. Көп трегі ойдағыдай жақсы шықпаса да, дегенінен қайтпай сүйікті ісінен бас тартпайды. Екі жылдан кейін 2010 жылы еңбектері ақталып Шымкентте BALLER-ді тани бастайды. 2010 жылы Шымкенттік рэпер Ra1, жас талантты рэперлерді байқап өзінің 11BLOCK ұйымына тартады.
11BLOCK лейблын RA1 ашса да, BALLER мен BAGI бұл лейбл атауын барлық Қазақстанға танытады.
BALLER Ash ҚаzaҚ 4 ресми батлға қатысқанымен, əділсіздікпен іріктеуден өте алмай қалады. Содан бастап BALLER Ash ҚаzaҚ про лейблын жек көріп: - "Жуырда сендерді төнкеремін",- деп сөз береді.
2012 жыл басталғанда, өзінің көздеген мақсатына жақындай түседі. Оңтүстік аумақта бұрын Ash ҚаzaҚ проны тыңдаған тыңдармандар, уақыт өте келе BALLER мен BAGI фанаттарына айнала бастайды.
2013 жылы BALLER "228" деген альбомын шығарады. Альбом Қазақстан түкпір түкпіріне таралып, хит альбомға айналады.
2013 жылы альбомнан басқа көптеген сапалы клиптер түсіріліп, Шымкентте үлкен концерттер жасалады. BALLER, барлық Қазақстан тыңдайтын ең танымал рэперлердің біріне айнала түседі.
KZ SOUND паблигінін опросы бойынша BALLER 2014 жəне 2015-ші жылдары, екі рет қатарынан жылдынң ен үздік рэпері номинациясын жеңіп алады.
2015-2016 жылдары бейнебаяндары MUZZONE каналындағы хип-хоп чартта бірнеше рет бірінші орында тұрып, үздіктер орнын босата қоймады.
2017 жылы ақырын болсада қозғалыс жалғасты көптеген тректер шығарылды екі мықты бейнеклип түсірілді.
2018 жылы BALLER KeshYou мен бейнеклип түсіріп сол клиптері хит болды. Сонын аркасында BALLER коптеген теледидар каналдарына шығып көптеген эстрада жұлдыздарымен жұмыс жасады. Ал клиптерінін көрілімі BALLER барлық клиптерінін көрілім санын қосқанда да жетпейтін санга жетті ягни қазіргі танда 9 млн 571 мың көрілім.
Қазіргі таңда BALLLER қазақша рэпте ең мықты рэперлердін бірі болып саналады. BALLER бұл ісімен тоқтамай, жуырда жаңа тректерімен, сапалы бейнебаяндарымен тыңдармандарын қуантпақшы!
@baller_shymside