Get Mystery Box with random crypto!

Балқия Балтабай

Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай Б
Telegram арнасының логотипі balkia_baltabay — Балқия Балтабай
Арна мекенжайы: @balkia_baltabay
Санаттар: Блогтар , Курстар мен нұсқаулықтар
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 60.32K

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 15

2023-04-21 20:01:01 Білесіздер, сіздермен Рамазан ай бойы Алланың 99 есімін мағынасымен жаттап жүрдік

Бірақ, 99 есімінің бәрін бітірмедік

Енді ұсыныс! Егер қалған Алланың
99 есімінің қалғанын күнде шығарып отырсақ, жаттайтын боласыздар ма?
3.4K viewsedited  17:01
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 19:53:24
Аллаға құлшылық қылу - сезонный емес!
3.7K views16:53
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 19:52:46
3.6K views16:52
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 19:48:53 Рамазан бітсе де, ораза біткен жоқ

Қалай түсінесіз осы сөзді?
Жазып кетіңізші
3.6K views16:48
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 02:46:04 Рамазанды қорытындыладыңыз ба?
Қандай сезімдесіз?


МАҢЫЗДЫ!
Қорытындылағанда өзіңізді былтырғы өзіңізбен ғана салыстырыңыз! Біреу былай жасады, біреу Құран оқыды, біреу Меккеге барды деп емес!
Былтырға қарағанда биылғы Айнұр қалай болды? Былтырға қарағанда биыл не жасадым? - деп қана қорытынды жасаңыз!

Біліңіз, салыстыру керек бір ақ адам бар! ОЛ - БҰРЫҢҒЫ ӨЗІҢІЗ!

Раббым, әрдайым дамып отыратын, ештеңені кінәләмайтын саналы құлдарынан етсін!
868 views23:46
Ашу / Түсініктеме
2023-04-21 02:40:29 Қайырлы таң!

Ораза айт мейрамы құтты болсын, оқырман!
927 viewsedited  23:40
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 03:00:27 Алланың 3 көркем есімі
8.9K views00:00
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 02:59:39 РАМАЗАН 29 КҮН ТАПСЫРМАСЫ:

1) САЛАУАТ АЙТУ - кемі 1000 рет

Салауаттың пайдасы ұшан теңіз!
Салауат сөздерін жиі айту арқылы адам баласы көп сауапқа кенеліп, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардан болады.

Ол турасында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
أَوْلَى النَّاسِ بِي يَومَ القِيَامَةِ أكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاَةً
«Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген (имам Тирмизи).
Алла Тағала баршаларымызды ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтушылардан етуді нәсіп етсін

Мына салауатты айтасыз

Аллаахумма солли аляя Мухаммадин уа "аляя аали Мухаммад

2) СИРА ОҚУ - кемі 15 бет
Сира - Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өмірбаяны

Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаянын білу баршамызға міндет! Пайғамбарымыз (с.а.с) жасаған амалдарды өмірімізге енгізіп, тиғандарынан тиынсақ, міне, сонда нағыз мұсылманның өмір сүру формуласы болмақ

Егер, сізде кітап болмаса, ең бірінші күні ПДФ форматы жіберілген) жоғары шығып тауып алыңыз)

3) АЛЛАНЫҢ 3 КӨРКЕМ ЕСІМІН МАҒЫНАСЫМЕН ЖАТТАП, СОЛ ЕСІМІМЕН ДҰҒА ЕТУ

Төменге жаттайтын 3 есімді мағынасымен беріп қоямыз

4) ӨЗІҢІЗГЕ ЕСЕП БЕРІҢІЗ

Былтырғы Рамазан мен биылғы Рамазанның қандай айырмашылығы болды? Алламен қарым-қатынаста, адамдармен қарым-қатынаста, мінез-құлықта қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Қандай әдеттер қалыптасты?
Қазір қандай сезімдесіз?
Рамазан біткен соң да қандай істі жалғастыра бересіз? - осы сынды сұрақтарды қойып өзіңізге есеп беріңіз

Бұл арқылы миға қандай өзгерістер болғанын көрсетіп, құлшылыққа деген махаббатыңызды арттырады
ин шаа Алла


Тапсырмалар түсінікті ғой?
Орындаймыз ғой?
9.2K viewsedited  23:59
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 02:55:47 Бисмиллә!
РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ КҮНГІ ТАПСЫРМАСЫ
8.2K views23:55
Ашу / Түсініктеме
2023-04-20 01:01:50 ӨЗІМ ЖАСАЙТЫН ДҰҒА

Алдымен Аллаға мадақ, истиғфар, салауат айтып жібереміз ғой. Содан кейін дұғамызды бастаймыз. "Өзіңе шексіз шүкір, Раббым! Я Рахман! Я Рахим! Мен көп күнә жасадым, Сенің күнахар құлыңмын. Бірақ, Сенің Мейірімің менің күнәларымнан үлкен. Сол Мейіріміңнен үміт етемін. Рахым етіп, біздерді кеше гөр! Я РАББЫМ! СЕН КЕШІРІМДІСІҢ! КЕШІРГЕНДІ ЖАҚСЫ КӨРЕСІҢ, МЕНІ ДЕ КЕШІРШІ! Сенің кешірімің болмаса, біз құрдымға кеттік. Қабір азабынан, тозақ отынан сақтап, есебімді жеңілдет! Сенің алдыңа Сен разы болған құл болып баруды, Сен разы болатындай өмір сүруді нәсіп етші маған және оны жеңілдетіп қойшы! Соңғы амалымызды хайырлы ет! Сен сүйгенді сүйдір! Сенен алыстататынды алыстатшы менен! Маған және жақындарыма, отбасыма Өзіңнің Аса Мейіріміңмен Фирдаус жәннатын берші! Жүрегімді тыныш етіп қой! Жүрегіме дүние түсірме, иманымды байыт! Күпіршіл емес, шүкіршілдерден ет! Алушы емес, беруші қолдардан ет! Құранды маған, мені Құранға жақындат! Сенің алдыңа Сен бұйырған бес парызды толық өтеп баруымды нәсіп етші және жеңілдетші! Сүйікті құлдарыңнан ет! Пайғамбарымызға(с а с) көрші ет! Көркем ғұмыр бер! Екі өмірде де абыройымды арттырып қойшы Раббым! Үнемі Сенің қолдауыңда, қорғауыңда, мейіріміңде болайын. Елімізге, барша мұсылманға иман мен береке бер, арттырып қой! Оразамызды, амалдарымызды дұғаларымызды қабыл етші! (Сосын осы дүниелік баааарша мұқтаждарымды сұраймын) БАР ҮMІТІМ - СЕНІҢ МЕЙІРІМІҢДЕ! РАХЫМЫҢНАН YMITTIMIH!" Артынан тағы мадақ, салауат айтып, ӘМИН!
998 viewsedited  22:01
Ашу / Түсініктеме