Get Mystery Box with random crypto!

ӨЗІМ ЖАСАЙТЫН ДҰҒА ⠀ Алдымен Аллаға мадақ, салауат айтып жі | Балқия Балтабай

ӨЗІМ ЖАСАЙТЫН ДҰҒА

Алдымен Аллаға мадақ, салауат айтып жібереміз ғой. Содан кейін дұғамызды бастаймыз.

"Өзіңе шексіз шүкір, Раббым!
Я Рахман! Я Рахим! Мен көп күнә жасадым, Сенің күнахар құлыңмын. Бірақ, Сенің Мейірімің менің күнәларымнан үлкен. Сол Мейіріміңнен үміт етемін. Рахым етіп, біздерді кеше гөр! Я РАББЫМ! СЕН КЕШІРІМДІСІҢ! КЕШІРГЕНДІ ЖАҚСЫ КӨРЕСІҢ, МЕНІ ДЕ КЕШІРШІ! Сенің кешірімің болмаса, біз құрдымға кеттік.
Қабір азабынан, тозақ отынан сақтап, есебімді жеңілдет!
Сенің алдыңа Сен разы болған құл болып баруды, Сен разы болатындай өмір сүруді нәсіп етші маған және оны жеңілдетіп қойшы! Соңғы амалымызды хайырлы ет! Сен сүйгенді сүйдір! Сенен алыстататынды алыстатшы менен! Маған және жақындарыма, отбасыма Өзіңнің Аса Мейіріміңмен Фирдаус жәннатын берші! Жүрегімді тыныш етіп қой! Жүрегіме дүние түсірме, иманымды байыт! Күпіршіл емес, шүкіршілдерден ет! Алушы емес, беруші қолдардан ет! Құранды маған, мені Құранға жақындат! Сенің алдыңа Сен бұйырған бес парызды толық өтеп баруымды нәсіп етші және жеңілдетші! Сүйікті құлдарыңнан ет! Пайғамбарымызға(с а с) көрші ет! Көркем ғұмыр бер! Екі өмірде де абыройымды арттырып қойшы Раббым! Үнемі Сенің қолдауыңда, қорғауыңда, мейіріміңде болайын. Елімізге, барша мұсылманға иман мен береке бер, арттырып қой! Оразамызды, амалдарымызды дұғаларымызды қабыл етші!
(Сосын осы дүниелік барша мұқтаждарымды сұраймын)

БАР ҮМІТІМ - СЕНІҢ МЕЙІРІМІҢДЕ! РАХЫМЫҢНАН ҮМІТТІМІН!"

Артынан тағы мадақ, салауат айтып, ӘМИН!

____
Таратыңыз, бөлісіңіз, басқаларға да қажет болар.

Алла дұғаларымызды қабыл етсін

#балкиябалтабай#дұға