Get Mystery Box with random crypto!

РАМАЗАН 28 КҮН ТАПСЫРМАСЫ: 1) САЛАУАТ АЙТУ - кемі 1000 рет С | Балқия Балтабай

РАМАЗАН 28 КҮН ТАПСЫРМАСЫ:

1) САЛАУАТ АЙТУ - кемі 1000 рет

Салауаттың пайдасы ұшан теңіз!
Салауат сөздерін жиі айту арқылы адам баласы көп сауапқа кенеліп, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардан болады.

Ол турасында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
أَوْلَى النَّاسِ بِي يَومَ القِيَامَةِ أكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاَةً
«Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген (имам Тирмизи).
Алла Тағала баршаларымызды ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтушылардан етуді нәсіп етсін

Мына салауатты айтасыз

Аллаахумма солли аляя Мухаммадин уа "аляя аали Мухаммад

2) СИРА ОҚУ - кемі 15 бет
Сира - Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өмірбаяны

Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаянын білу баршамызға міндет! Пайғамбарымыз (с.а.с) жасаған амалдарды өмірімізге енгізіп, тиғандарынан тиынсақ, міне, сонда нағыз мұсылманның өмір сүру формуласы болмақ

Егер, сізде кітап болмаса, ең бірінші күні ПДФ форматы жіберілген) жоғары шығып тауып алыңыз)

3) АЛЛАНЫҢ 3 КӨРКЕМ ЕСІМІН МАҒЫНАСЫМЕН ЖАТТАП, СОЛ ЕСІМІМЕН ДҰҒА ЕТУ

Төменге жаттайтын 3 есімді мағынасымен беріп қоямыз

4) АЛЛАДАН КЕШІРІМ СҰРАУ ДҰҒАСЫН 100 РЕТ АЙТЫҢЫЗ

Адам атамыз бен Хауа анамыздың Алладан кешірім сұрап тәубе жасағанда қабыл болған дұғасы
(Кім осы дұғамен Алладан шын өкініп, күнә-қателіктеріне кешірім сұраса Алла оның тілегін қабыл етеді)

«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Ағраф» сүресі, 23-аят)

«Раббәнә заләмнәә әнфусәнәә уә ил ләм тәғфир ләнәә уә тәрхәмнәә ләнәкуунәннәә минәл хасириин»

Тапсырмалар түсінікті ғой?
Орындаймыз ғой?