Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін - БЕЙСЕНБІ! Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сүннеті бойынша арна | Балқия Балтабай

Бүгін - БЕЙСЕНБІ!

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сүннеті бойынша арнайы бейсенбі күні жасалатын ізгі амалдар бар
Сол құпталған құтты істерді сіздермен бөліскіміз келіп отыр. Бір-бірімізді сүннет амалдарға қарай сүйрейтін мұсылман бауыр болғаннан артық қандай бақыт бар дейсіздер?!

ЕНДЕШЕ, КЕТТІК

Әрбір әрекетіңізді Алла разылығы үшін жасауға, сол арқылы сауап жинауға ниет етіңіз. Сіздерге үнемі айтатынымдай, ниетті әрдайым жаңартып, еске салып отырғаныңыз абзал!

Осы күні ауыз бекіткен дұрыс. Бұл – сүннет, яғни Мұхаммед (с.ғ.с.) істеген іс әрекеті. Айша анамыздың (р.а.) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса мән берген.

Алла елшісі (с.а.с) өзінің бір хадисінде бұл жайында былай дейді:

“Дүйсенбі мен бейсенбі күні (апталық) істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»

Жұмаға дайындық жасаңыз. Күнделікті күйбең тірліктеріңізді осы күні жасап, жұма күнінің көп бөлігін құлшылықпен өткізетіндей өзіңізге мүмкіндік жасауға тырысыңыз.

Бейсенбі күні ақшам уақытынан кейін жұма кірген болып есептеледі. Сол сәттен бастап көбірек дұға жасауға тырысыңыздар

Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
«Жұма күні бір уақыт бар. Мұсылман ғибадатымен сол уақытқа тап келсе, Алла тілегенін береді», – дейді. Бірақ қай уақыт екенін сұрағанында ол сәтті Алланың жасырып қойғандығын айтты. Яғни, бейсенбі ақшам уақытынан бастап, жұма күні кеш батқанға дейін бұл уақытты іздеуге тиіспіз

Комментарийге
“БЕЙСЕНБІЛІК ӘДЕТТЕРІҢІЗ” туралы бөліссеңіздер болады: осы күні жасайтын арнайы әдетіңіз бар ма?