Get Mystery Box with random crypto!

Ал, санаңдар! Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? А | Балаларға арналған тақпақтар

Ал, санаңдар!

Ал, санаңдар, санаңдар,
Бізде қанша адам бар?
Алдымда:
Атам, әжем,
Алдымда:
Әкем, анам.
Білмесеңдер, біліңдер,
Тағы саусақ бүгіндер.
Алдыма:
әпкем, көкем,
«Аман жүрсін інім», - дер.
Өзім барамын, інім бар.
Кіп – кішкентай күнім бар.
Қанша болдық бәріміз?
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой
Бәрі нешеу, айта ғой?
(Он тоғыз)
***
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
(Алтау)