Get Mystery Box with random crypto!

Жақында Стамбулда болдым. Досым Олжас Ханафин қарсы алып, қона | baizhanovaassem

Жақында Стамбулда болдым. Досым Олжас Ханафин қарсы алып, қонақ етіп күтті.

"Білім де — ризық", "Сен ризығыңды немесе ризығың сені қайдан табатынын білмейсің, Жер бетін кез" деп жатады ғой.

Олжас бауырым бір білімін бөлісті. Осы сапардың ең үлкен олжасы сол деп білемін.

Ол Стамбулда оқып жатқан Әділет деген қари бауырымыздың Құран жаттау тәсілі жайлы айтып берді. Өз сөзіммен жеткізсем, былай:

Күнде кемінде 1 сағат Құран оқы. Дауыстап. Басында қиын болса, 15 минуттан бастасаң болады.

Сөйтіп оқу жылдамдығың арта береді. 1 сағатта 3 пара (1 парада 20 бет бар) оқитын деңгейге жетесің. 3 пара: 60 бет.

Сонда әр 10 күн сайын Құранды хатым етіп отырасың. Құран 30 парадан тұрады. Яғни, бір жылда 36 хатым деген сөз: 365/10 = 36.5.

Сөйтіп 3 жыл жай хатым ете бер. Шамамен 108 хатым болады. Содан кейін 3 ай арнайы уақыт бөліп, мүмкін болса, бір медреседе жатып, Құран жатта. Ұмытпайтындай жаттап аласың да, қари боласың Алла қаласа.

Көбі Құранды бірден жаттай бастайды. Оны қайталау да оңай емес. Сөйтіп Құран жаттауды да, жай оқуды да тастап кетеді. Ал мына әдіс Құран оқуды тәрк етпей әрі оны ұмытпайтындай жаттауға көмектеседі.

Нейробиология, мидың жұмысы жайлы аз-маз білімім бар. Бұл әдістің неге жұмыс істейтінін біліп тұрмын. 108 рет оқылғаннан кейін Құран түпсанаңа отырады. Сіңеді. Кейін жаттасаң, бәрі оп-оңай орын-орнына тұра қалады. Алматыны 108 рет аралап, кейін көше аттарын жаттап алғандай ғой. Бірден жаттасаң, миыңа кірмейтін еді.

3 жыл бойы "Құран оқушы" деген дәрежеде болу да үлкен жетістік қой негізі. Құранда шамамен 320 000 әріп бар. "Оқылған әр әріпке 10 сауаптан беріледі" деген хадисті де білеміз.

Қарапайым математикаға салып, есептеп көрейік. 108 рет Құранды бастан-аяқ оқып шықсақ,

108 хатым * 320 000 әріп * 10 сауап = 345 600 000 сауап!

3 жылда қари боп кетпесек те, мынадай сауапқа кенеліп жатсақ, керемет емес пе?!

@dzhigitbek