Get Mystery Box with random crypto!

Сәждеде қайтыс болған жазушының сұмдық сөзі… Өлген кезімде еш | baizhanovaassem

Сәждеде қайтыс болған жазушының сұмдық сөзі…

Өлген кезімде ештеңені уайымдамаймын, мұсылман бауырларым мен үшін бәрін істейді:
1- Шешіндіреді;
2- Жуындырады;
3- Кебіндейді;
4- Үйімнен шығарады;
5- Жаңа үйіме (қабірге) алып барады;
6- Жаназамды шығаруға көп адам келеді. Тіпті, көбісі жұмыстарын тастап, уақыттарын бөліп келеді. Мені жерлеу үшін...
Олардың көбі мен айтқан насихаттарды естеріне де алмайды;
7- Пайдаланған заттарымды тастайды:
- Кілттерім;
- Кітаптарым;
- Сөмкем;
- Аяқ-киімдерім;
- Киімдерім және т.с.с.
Егер отбасымның жағдайы жақсы болса, менің атымнан садақа береді.

Ал, енді қараңыз:
- Дүние мен үшін қайғырмайды;
- Мен өлді екен деп әлем тоқтап қалмайды;
- Өмір жалғасады;
- Менің жұмысымды істейтін басқа адам пайда болады;
- Көп болсын, аз болсын тапқан дүнием мұра болып қалады.

Мен өлген кезде, ең алдымен атымнан айырыламын!
Сондықтан, мен өлген кезде ең алдымен "мәйіт" қайда деп сұрайды.
Ешкім менің атымды атамайды.
Маған жаназа намазын оқитын кезде: "Мәйітті алып келіңдер!", - дейді.
Ешкім пәленшені алып келіңдер деп, атымды атамайды.

Сондықтан, мені руым, мансабым, атағым қызықтырмайды.
Бұл не деген түкке тұрмайтын дүние. Біз оны жақсы көретініміз нендей өкінішті!

Әй, қазір тірі жүрген жандар! Біліңдер, қайғы үш түрлі болады:
1- Сені сыртыңнан білетін адамдар "Ой, байғұс-ай" дейді де, қоя салады;
2- Достарың, бірнеше сағат немесе күндер бойы қайғырады. Содан кейін бұрыңғы өмірлеріне қайтып, қайта күліп жүре береді;
3- Үйдегі терең қайғы ше? Жақындарың бір апта, екі апта немесе бір ай, тіпті бір жыл қайғырады. Одан кейін сені естеліктер архивына жібереді.

Міне, адамдар арасындағы өмірің бітті! Енді, шынайы өмірің басталды. Ол - ақырет!

Сеннен мына нәрселер кетеді:
1- Әдемілік;
2- Мал-мүлік;
3- Денсаулық;
4- Бала-шаға;
5- Үй, сарайларыңнан айырыласың;
6- Жұбайың;
7- Сенімен бірге амалыңнан басқа ештеңе қалмайды!
Шынайы өмір енді басталды!

Бір сұрақ:
Қазірден бастап қабірің үшін, ақыретің үшін не дайындадың?
Бұл терең ойлануды қажет ететін ақиқат!

Сондықтан, мына нәрселерге берік бол:
1- Парыздарға;
2- Нәпіл амалдарға;
3- Жасырын садақа беруге;
4- Ізгі амал жасауға;
5- Түнгі намаздарға.
Сонда ғана құтыларсың ...

Сен тірі болып, осы мақаланы адамдар арасында таратуға көмектессең, Алла қаласа, оның сауабын қиямет күнінің таразысынан табасың.
"Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді" (Зарият сүресі, 55-аят).

Алла Тағала Құранда айтқаны секілді: "Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам". Неге қайтыс болған адам егер осы дүниеге қайтарылса, садақаны таңдар еді?!

Ол умра жасап келейін, намаз оқып келейін, ораза ұстап келейін деген жоқ.

Ғалымдар айтады: Өйткені, адам қайтыс болғаннан садақаның әсерін ең көп көреді.

Садақа беруді көбейтіңдер!

Ең жақсысы дәл қазір 10 секунд уақытыңызды бөліп, адамдарды насихаттау ниетімен осы сөзді тарату арқылы садақа жасаңыз.
Жақсы сөз де садақа!