Get Mystery Box with random crypto!

«Бәйтерек» Холдингі панасыз қалған жануарларға көмек көрсетуді | BAITEREK.GOV.KZ

«Бәйтерек» Холдингі панасыз қалған жануарларға көмек көрсетуді жалғастыруда
 
20 тамыз Халықаралық жануарлар құқығы қоғамының ұсынысы бойынша 1992 жылы белгіленген халықаралық үйсіз жануарлар күні болып табылады.
Бұл күні әр түрлі елдерде панасыз қалған жануарларға арналған панажайға бару, оларға көмек көрсету немесе олардың арасынан өздеріне таңдағанын үйлеріне алып кету әдетке айналған.
Холдинг және оның еншілес ұйымдары әдеттегідей жыл сайынғы дәстүр бойынша үйсіз жануарларға тамақ пен басқа да керек-жарақтарды жинауды ұйымдастырды.
23 тамызда Холдинг өкілдері елордалық «Ника» үй жануарларына арналған панажайда болып, азық-түлік, ветеринарлық дәрі-дәрмектер мен керек-жарақтарды тапсырды.
- Көмек көрсетуге қол ұшын берген холдинг пен еншілес компаниялардың еріктілеріне, сондай-ақ панасыз қалған үй жануарларына қамқорлық көрсететін баспана еріктілеріне алғысымды білдіргім келеді, - деді Аппарат басшысы Дина Акрачкова.
Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингі ESG – қоршаған орта, әлеуметтік жауапкершілік, басқару қағидаттарын іске асыра отырып, ішкі процестерді үздіксіз жетілдіріп келеді.