Get Mystery Box with random crypto!

«Бәйтерек» холдингі «Мектепке жол» акциясына қатысты  «Бәйтер | BAITEREK.GOV.KZ

«Бәйтерек» холдингі «Мектепке жол» акциясына қатысты 

«Бәйтерек» холдингі еншілес ұйымдарымен бірлесіп «AMANAT» партиясының «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты. Холдинг қызметкерлері әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп керек-жарақтары бар рюкзактар жинады.

«Бәйтерек» холдингінің бастауыш партия ұйымының мүшесі Айгүл Баймульдинова ата-аналар мен балаларды жаңа оқу жылы басталар алдында құттықтап, балаларға оқуда табыс тіледі.

- Білімге бастар жол оңай емес, алайда қызықты, сондықтан сіздерге оқуда табандылық пен табыс тілеймін, ең батыл жоспарларың мен армандарың орындалсын, - деді А. Баймульдинова.

Ата-аналар акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Холдинг пен Даму қорының елордалық филиалының өкілдері балаларға мектеп керек-жарақтары бар рюкзактарды салтанатты түрде табыс етті.

Айта кетейік, Холдинг мұқтаж отбасыларға аталған көмекті жыл сайын көрсетіп келеді.