Get Mystery Box with random crypto!

- Осыған байланысты, бүгінгі таңда, тиісті құқықтық актілерге | BAITEREK.GOV.KZ

- Осыған байланысты, бүгінгі таңда, тиісті құқықтық актілерге әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды табыс санатынан алып тастау бойынша өзгерістер енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл бұрын осы себеппен бас тартылған азаматтарға қайтадан өтінім беріп, субсидия алуына мүмкіндік береді, - деп хабарлады Холдинг басшысы.

Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде қаражатты уақытылы аудару мақсатында жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізілуде.

17 өңір бойынша жағдай мынадай: бір өңірден қаражат келіп түсті, бес өңірде келісімдерге қол қойылды, сегіз өңірде қаражатты аудару туралы шартқа қол қойылуда, үш өңірде мәслихат сессиясы өтпеген.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Қанат Шарлапаев сөз барысында мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрғандардың тізімін жүргізу мақсатында Отбасы банк әзірлеп жатқан «Бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы» ақпараттық жүйесіне тоқталды.

Осы міндетті іске асыру үшін мемлекеттік деректер қорының 18 сервисіне сұрау жасалды, оның 16-сы тестілік режимде қосылды. Мемлекеттік техникалық қызметтің аттестаттауынан өту үшін бағдарламалық жасақтама мен инфрақұрылым тестілеуден өткізілуде.

Бүгінгі таңда, кезекке қою, кезекте тұрғанды ауыстыру, кезектен алып тастау және негізгі деректерді жаңарту функционалдарын іске асыру бойынша міндеттердің әзірлігі шамамен 60% құрайды. Тестілеу болжам бойынша 2022 жылғы тамызда аяқталады.

- «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын іске қосу үшін тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдау қажет, сондай-ақ кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесінің қолданыстағы базасын Банкке беріп, одан кейін базаны өндірісте сынау керек (болжамды мерзім – 120 күн) - деп түсіндірді Басқарма төрағасы.

Қанат Шарлапаев қорытындылай келе, ағымдағы жылдың алты айында тұрғын үй құрылысы аясында алға қойылған барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілгенін атап өтті. Міндеттерді уақытылы орындау бағытында жұмыс жалғастырылатын болады.