Get Mystery Box with random crypto!

РАСУЛУЛЛАҺТЫҢ ( ﷺ ) СОҢҒЫ ӨСИЕТІ Пайғамбарымыз 23 ақпан 632 | BaiQoñyR

РАСУЛУЛЛАҺТЫҢ ( ﷺ ) СОҢҒЫ ӨСИЕТІ

Пайғамбарымыз 23 ақпан 632 жылында соңғы қажылығында қоштасу хутбасында 120 мың сахабаға былай деді:

– Ей адамдар! Өсиетімді жақсылап тыңдаңдар! Осы жердегілер, бұл жерде болмағандарға білдірсін! Өйткені, бұл менің сендерге айтатын соңғы насихатым.

– Ей адамдар! Дініміздің білдірген харамдары мен халалдарына мән беріңдер!

– Ей адамдар! Бірліктен, дұрыстықтан, бағыттарыңнан айрылмаңдар!

– Ей адамдар! Әйелдерге әділетсіздік жасауларыңнан Аллаһқа сыйынамын. Оларға зұлымдық, әділетсіздік жасамаңдар!

– Ей адамдар! Әһли бәйтімді (ұрпағымды) жақсы көріңдер!

– Ей адамдар! Өздеріңді де, бала-шағаларыңды да тозақ отынан қорғаңдар! Оларға Аллаһтың және Расулының жолын үйретіңдер!

– Ей адамдар! Үлкендеріңе, басшыларыңа бағыныңдар! Басшыларына бағынған – маған бағынған болады, маған бағынған – Аллаһқа бағынған болады.

– Ей адамдар! Бес уақыт намазды үзбей оқыңдар! Дәреттеріңді жақсылап алыңдар! Намаздарыңның руку мен сәжделерін толық орындаңдар! Шын көңілмен оқыңдар!

– Ей адамдар! Күмәнсіз Аллаһ жағдайы жақсы болған мұсылмандарға қажылықты парыз қылған.

– Ей адамдар! Мал-мүліктеріңнің зекетін беріңдер!

– Ей адамдар! Тілдеріңді сақтаңдар! Көздеріңнен Аллаһ үшін жас шығарыңдар! Көңілдеріңді Аллаһтың дәргейіне лайық болатындай жағдайға келтіріңдер! Денелеріңді біраз қиыншылыққа салыңдар!

– Ей адамдар! Құран кәрімді жаттап, үкімімен амал ететіндерді жақсы көріңдер!

– Ей адамдар! Мешіттеріңді, ғибадатханаларыңды көріктендіріңдер! Имандарыңды тазалаңдар!

– Ей адамдар! Мұсылман бауырларыңа насихат айтыңдар, оларға тура, хақ жолды көрсетіңдер!..