Get Mystery Box with random crypto!

Құрандағы жеті бестік Құранның түрлі тұсы бар. Соның бірі – бе | BaiQoñyR

Құрандағы жеті бестік
Құранның түрлі тұсы бар. Соның бірі – бес сүреден тұратын сүрелердің жеті топтама.
Бірінші топтама: «Хамд»-пен, яғни Алла Тағала мақтау айтумен басталған бес сүре:
1. «Фатиха» сүресі.
2. «Әнғам» сүресі.
3. «Кәһф» сүресі.
4. «Сәба» сүресі.
5. «Фатыр» сүресі.
Барлығы меккелік сүре.
Екінші топтама: «Тасбих»-пен, яғни Алла Тағаланы пәктеу, ұлықтаумен басталған бес сүре:
1. «Хадид» сүресі.
2. «Хашр» сүресі.
3. «Софф» сүресі.
4. «Жүмға» сүресі.
5. «Тағабун» сүресі.
Барлығы мәдиналық сүре.
Үшінші топтама: «Әлиф-ләм-ро» муқаттаға әріптерімен басталған бес сүре:
1. «Юнус» сүресі.
2. «Һуд» сүресі.
3. «Юсуф» сүресі.
4. «Ибраһим» сүресі.
5. «Хижр» сүресі.
Барлығы меккелік сүре.
Төртінші топтама: Қаратпа сөзбен басталған бес сүре:
1. «Ниса» сүресі.
2. «Мәида» сүресі.
3. «Хәж» сүресі.
4. «Хужүрат» сүресі.
5. «Мумтахина» сүресі.
Барлығы мәдиналық сүре.
Бесінші топтама: Пайғамбарымызға (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) қатысты сөзбен басталған бес сүре:
1. «Әхзаб» сүресі.
2. «Талақ» сүресі.
3. «Тахрим» сүресі.
4. «Муззәммил» сүресі.
5. «Муддассир» сүресі.
Барлығы мәдиналық сүре.
Алтыншы топтама: Сұрақпен басталған бес сүре:
1. «Инсан» сүресі.
2. «Ғашия» сүресі.
3. «Шарх» сүресі.
4. «Фил» сүресі.
5. «Мағун» сүресі.
Барлығы меккелік сүре.
Жетінші топтама: «Айт!»,-деген сөзбен басталған бес сүре:
1. «Жын» сүресі.
2. «Кәфирун» сүресі.
3. «Ихлас» сүресі.
4. «Фаләқ» сүресі.
5. «Нәс» сүресі.
Барлығы меккелік сүре.
Құран – мұғжиза.
Мұғжиза – адам баласы істеуге дәрменсіз іс.
Құранның әрбір сүресі, аяты, сөзі, тіпті хәрекеті – мұғжиза! Құранның әрбір сөз, хәрекетінің мән-мағынасы, өзіне тән сыры бар. Оның кейбірі адамзатқа аян. Дегенмен, Құранның көптеген мұғжизалық кереметтері адамзатқа аян болуы – болашақтың ісі! Айтар болсақ, Құрандағы жеті бестік жайында айттық. Бізге белгілі болған мәселе – бастамасы ұқсас бес сүрелердің жеті топтамасы бар екен. Бірақ бұның мәнісі неде? Бұл мәселе жалғыз Алла Тағалаға аян!