Get Mystery Box with random crypto!

Рамазан айы - бір жылда бір-ақ рет келетін және зу етіп өте шы | Bagizhan🕊

Рамазан айы - бір жылда бір-ақ рет келетін және зу етіп өте шығатын, ықыласты пенделерін сағындырып тұратын берекелі, қасиетті ай

Бұл отыз күннің әр секундында тілектер қабыл болып, армандар орындалады!

Бұл отыз күннің әр секундында адамдардың қате-кемшіліктері кешіріліп, ұжмаққа жолдама алады!

Рамазанның әр күні қадірлі, Рамазанның әр сәті қымбат...

Бұл келген ораза - қате-кемшіліктерімізді түзетуге, жақсы жаққа өзгеруге, өзімізді тәрбиелеуге берілген зор мүмкіндік.

Бір жылда бір-ақ рет бүр жаратын Рамазанның хош исін сезу бәрімізге нәсіп болсын!

Қасиетті рамазан айына жоғыңызды сұрап емес, барыңызды түгендеп кіріңіз...Дүниеңізді емес, адамыңызды түгендеп кіріңіз...

Айдан аман қыл, Алла, жылдан есен қыл!Алла бақ бер, береке бер!

Армандарыңыз орындалсын! Қасиетті айда қайғының қара бұлты сейіліп, уайымдарыңыз қуанышқа айналсын, ағайын!