Get Mystery Box with random crypto!

Адамдарға сіз не берсеңіз, олар сізге оны екі еселеп қайтарады | Bagizhan🕊

Адамдарға сіз не берсеңіз, олар сізге оны екі еселеп қайтарады...

Сондықтан сыйлы болғыңыз келсе, сізді жақындарыңыздың, жанашыр жандардың іздегенін, сағынғанын қаласаңыз, ол іс-әрекетті алдымен өзіңіз жасаңыз. Көкейіңіздегі өзімшілдікті тыйыңыз...

«Өзі бірінші жазсын, алдымен өзі іздесін. Мені ешкім іздемейді, неге мен оны іздеуім керек», – дейсіз, білемін. «Кішірейгеннің абыройы тасады», – дейді. Сол үшін бірінші болып адамдарды қуантуға, жақсылық жасауға, жылы сөз айтуға тырысайық...

Бәлкім, сіздің бір ауыз жылы сөзіңіз оның бүкіл өмірін өзгертетін шығар, ойланып көріңізші. Барды бағалайық! Бұл өмір қамшының сабындай өте қысқа...