Get Mystery Box with random crypto!

БАЛА НЕНІ КӨРІП ӨССЕ, СОНЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ Егер ата- | Bagizhan🕊

БАЛА НЕНІ КӨРІП ӨССЕ, СОНЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ

Егер ата-ана өздерінің әке-шешелеріне көп жақсылық жасаса;

Ешкімді жамандамай, үнемі адамдарға көмектесіп жүретін болса;

Ақшасы түскенде белгілі бір бөлігін садақаға берсе;

Көршілерін қонақ етіп сыйласа;

Үлкендерге құрмет көрсетіп, кішіпейілдік танытса;

Өзгелердің алдында менменсінбей, қарапайым болса;

Білім алуға, жаңа, пайдалы нәрселермен сусындауға ұмтылса;

Аға-бауыр, ағайын-жекжатпен қарым-қатынасын суытпай, араласып тұрса;

Қоғамға пайдалы іспен айналысса;

Елін сүйсе...

Міне, ата-ана кішкентай кезінен-ақ балаға осындай тәрбиені көрсетіп өсірсе, онда ол бала ешқашан жаман болмайды. Қазақ «тегінде бар тек жатпайды» деп бекер айтпаған. Ата-ананың көрсеткен үлгісі, салып берген жолы балаға міндетті түрде әсер етіп, ол бір күн болмаса да, бір күні ұрпақтың бойынан көрініс береді. Сондықтан әркім өзінің төккен теріне қарай жемісін жейтінін ұмытпауы керек.