Get Mystery Box with random crypto!

Күнделікті іске айналдырыңыз! 1.Фатиха сүресі 3-рет; 2-Ихла | Bagizhan🕊

Күнделікті іске айналдырыңыз!

1.Фатиха сүресі 3-рет;
2-Ихлас сүресі 3-рет;
3-Фәләқ сүресі 3-рет;
4-Нас сүресі 3-рет.

Зікір:

Субханаллаһи уә бихамдиһи субханаллаһил азыйм 100-рет (барлық мақтау-мадақ Аллаға лайық, әрі Ол кемшілік атаулыдан пәк)

Кешірім сұрау:

Әстағфируллаһа уә әтубу иләйһи 100-рет.
(мен Алладан жарылқау тілеймін әрі Оған тәубе етемін)

Салауат:

«Аллаһуммә салли алә сәиидинә Мұхаммәд»

Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат 100-рет н/е оданда көп (Жұма күні көбейтіңіз).

Тәсбих:

Субханаллаһ 33рет,
Әлхамдулилләһ 33-рет,
Аллаху әкбар 33-рет.

Дұға:

Лә иләәһә иллаллаһу уахдәһу лә шәриикә ләһу, ләһул-мульку уә ләһул-хамду уә һуә ‘алә кулли шәй'йн Қадиир. 10-рет.

(Алладан басқа тәңір жоқ. Ол – ешбір серігі жоқ Жалғыз. Бар мадақ пен бар билік бір Аллаға тән. Сондай-ақ, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді)

Жоғарыдағы жатқа білмейтіндеріңізді оқып жаттай беріңіз.
Бәрін бір уақытта айту маңызды емес. Маңыздысы бәрін 1күнде айтып бітірсеңіз, жақсы өзіңіз үшін сауапты іс.