Get Mystery Box with random crypto!

Атырау облысының әкімі екі орынбасарын қысқартты: сотты болған | Azattyq Rýhy

Атырау облысының әкімі екі орынбасарын қысқартты: сотты болған Бақытгүл Хаменова орнын сақтап қалды

Атырау облысының әкімі екі орынбасарын қысқартты. Әкімдіктегі штаттық орындардың қысқартылғаны туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дәлірек айтқанда Атырау облысы әкімінің екі орынбасары – Серік Айдарбеков пен Нариман Таушов орындарынан айырылып отыр.

«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру үшін Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны 2 адамға қысқартылды. Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары С.Айдарбеков пен Н.Таушовтың штаттық орны қысқартылды», - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Енді өңір әкімі Серік Шәпкеновтің үш орынбасары қалды – Қайрат Бекенов, Қайрат Нұрлыбаев және қазір ісі сотта жатқан Бақытгүл Хаменова. Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікке ілініп, тергеуде жатыр.

https://t.me/azattyq_ruhy