Get Mystery Box with random crypto!

Отардағы әскери бөлімде сарбаз 4-қабаттан секіріп қайтыс болды | Azattyq Rýhy

Отардағы әскери бөлімде сарбаз 4-қабаттан секіріп қайтыс болды

Жамбыл облысындағы 82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі казарма ғимаратының 4-қабатындағы терезеден секіріп қайтыс болды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, марқұм өзіне қол жұмсаған. Оны аман қалып шаралары жүргізілгенімен, сарбаз есін жимастан қайтыс болды.

«Қорғаныс министрлігі қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізуде», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Қалған ақпарат тергеу мүддесі мен туыстарының қалауы бойынша жария етілмейді.

Айта кетейік, сарбаз әскер қатарына биыл сәуірде шақырылған, 15 мамырда ант қабылдаған.

@azattyq_ruhy