Get Mystery Box with random crypto!

Риддердегі үлкен өрт ошағы сөндірілді Құтқарушылар Риддер ірг | Azattyq Rýhy

Риддердегі үлкен өрт ошағы сөндірілді

Құтқарушылар Риддер іргесіндегі Лесхоз ауылында ірі өрт ошағының сөндірілгенін хабарлады. Бұл туралы ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, өрт 11 мамыр күні таңғы сағат жетіде өшірілген.

«Қазір өрттің салдары анықталып жатыр. Құтқарушылар Лихачев көшесіндегі 10 тұрғынды эвакуациялады. Орман аймағында өртпен күрес әлі жалғасып жатыр. Қазіргі таңда жанып жатқан орман аумағы 310 гектарды құрайды. Қосымша көмек ретінде «Авиалесохрана» мекемесінің Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларынан жеткен екі тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден 17 500 текше су төгілді», - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ормандағы өртті сөндіруге 20 м/сек жылдамдықпен соққан жел кедергі келтіріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, орманды біреу қасқана өртеген немесе байқаусызда от қойған. Яғни, өртке адами фактор себеп болған.

Қазіргі таңда отты өшіруге 136 құтқарушы, 161 орманшы және әкімдік пен өзге мекемелердің 29 қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ, екі тікұшақ пен 60-қа жуық техника бар.

@azattyq_ruhy