Get Mystery Box with random crypto!

Вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер қылмыстық жазаға тартыл | Azattyq Rýhy

Вакцинация паспортын сатқан дәрігерлер қылмыстық жазаға тартылады - Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация паспортын сатқандардың әрбіріне қатысты қатаң жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жалған вакцинация паспортына келетін болсақ, мұндай фактілер болды. Біз осындай ақпаратты алғаннан кейін, Алматы әкімдігіне жеке хабарластым. Таңертең біз бақылауға алдық, күш құрылымдарымен жұмыс істедік. Заңбұзушыларды ұстадық», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік желілерде осындай жағдайларға қатысты мониторинг жүргізіледі.

«Егер сіз осындай заңбұзушылық туралы мәлімет болса, біз қабылдауға дайынбыз. Оларға қатысты қатаң жаза қолданылады», - деп сендірді министр.

Алексей Цой барлық қылмыстық жауапкершілік барын медицина қызметкерлеріне ескертілгенін айтты.

«Кез келген дәрігер бұл заң тұрғысынан кешірілмейтінін түсінуі керек. Ақпараттық жүйеде әрбір дозаға дейін көрінеді. Егер заң бұзу фактісі болса, қылмыстық жаза қолданылады. Біз мониторинг жүргізіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстаймыз», - деді Алексей Цой.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі жыл бұрын бала күтіміне байлынысты демалысқа шыққан медбике азаматтарға вакцинация паспортын сатқан. Ол вакцинацияланғанын растайтын әрбір құжат үшін 15 теңгеден алған. Қазір бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қалдағы медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйесі түгел тексерілуде.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғанын растайтын төлқұжат вакцинаның ІІ компонентін алғандарға ғана беріледі.

@azattyq_ruhy