Get Mystery Box with random crypto!

QazVac вакцинасын шығаратын зауыт құрылысына тағы 1,6 млрд тең | Azattyq Rýhy

QazVac вакцинасын шығаратын зауыт құрылысына тағы 1,6 млрд теңге керек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жамбыл облысында салынып жатқан коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық QazVac вакцина шығаратын зауыт құрылысына тағы 1,6 миллиард теңге бөлуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Сіз сұраған қаражат берілген. Енді қайтадан көзге түсіп, қосымша сұрап отырсыз. Қосымша 1,6 миллиард бердік делік, оның жүзеге асырылғанын кімнен сұрау керек?», - деп сұрады Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин министрден.

Білім және ғылым министрі өзі басшылық ететін ведомство тарапынан Жол картасында көзделген барлық іс-шаралар орындалғанын мәлімдеді. Ал бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов бұл мәселені Үкімет тарапынан Министрлер кабинеті басшысының тағы бір орынбасары Ералы Тоғжанов, Білім және ғылым министрлігі жетекшілік ететінін, ал техникалық жұмыстарды әкімдік жүргізетінін атап өтті. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін нысан Білім министрлігінің балансына өтеді.

«Ералы Лұқпанұлы бүгін іссапарға кетіп қалды. Сіз кім жауапты екенін анықтаңыз», - деді Нұрлан Нығматулин.

Үкімет жоспары бойынша зауыт құрылысын 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

@azattyq_ruhy