Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда арзан Toyota алғысы келген азаматтар алданып қалды А | Азаттық таңы

Атырауда арзан Toyota алғысы келген азаматтар алданып қалды

Атырауда Грузия мен Армениядан арзан бағаға шетелдік көлікке тапсырыс бергендер сан соғып қалды.

Атыраулық 8 тұрғын Грузия мен Армения мемлекетінен төмен бағада шетелдік көлік сатып алғысы келеді. Олар әлеуметтік желіде осы кәсіппен айналысып жүрген ер адамға ақшаларын беріп, темір тұлпарының келуін күтеді. Бірақ алаяқ тұрғындардың ақшасын жеке шаруасына жұмсап тастаған.

Шығын көлемі — 40 млн теңге. Іс тергеліп, сотқа жөнелтілді. Күдікті тергеу қапасында отыр, — дейді Дастан Габдуллин.

@azattyqtany