Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық банкке 'Олимптен' тәркіленген 5,7 млн доллар аударылады | Азаттық таңы

Ұлттық банкке "Олимптен" тәркіленген 5,7 млн доллар аударылады

Қазақстан Ұлттық Банкіне "Олимп" букмекерлік кеңсесінен тәркіленген 5,5 млн доллары және 200 мың еуро қайтарылады. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия хабарлады.

Комиссияның мәлімдеуінше, мемлекетке 95 млрд теңге залал келтірген букмекерлік кеңсе басшысы қоныс-колонияға ауыстыру туралы Қапшағай қалалық сотының 2022 жылғы 6 маусымдағы қаулысының күшін жою туралы жеке өтініш шығарылған болатын.

Аталған іс бойынша 3,6 млрд теңге мемлекет пайдасына тәркіленген екен.

@azattyqtany