Get Mystery Box with random crypto!

Заңгер Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды Адвокат Бұ | Азаттық таңы

Заңгер Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды

Адвокат Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады.

"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б. Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды. Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды", - деп хабарлады Алматы қалалық сотынан.

Осыған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі заңгер құқық қорғау органдарының қызметкеріне қол көтеріп, рейдерлік басып алумен айналысқан адамдар тобына қатысты тергеуге кедергі келтірген деген ақпарат тарады.

@azattyqtany