Get Mystery Box with random crypto!

Ая🌸

Telegram арнасының логотипі ayyyyyyaaa — Ая🌸 А
Telegram арнасының логотипі ayyyyyyaaa — Ая🌸
Арна мекенжайы: @ayyyyyyaaa
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 2

Ratings & Reviews

2.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

1

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 2

2021-09-05 08:57:46 "Жизнь – это улыбка. Даже тогда, когда по щеке бегут слезы". Иә, қайғымызды да күліп отырып айтатын халге жеткен соң, не қайыр?!

Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"

@kitapuzindisi
23 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-05 08:57:46 Жастар араққа үйір болмауы керек. Арақ — адамгершіліктің, азаматтықтың, ақылдың жауы. Арақ — азғындыққа жетелейді. Араққа бір үйреніп алсаң одан қашып құтыла алмайсың. Ең алдымен осыдан сақтану керек. Арақ — адамның ішкі жауы. Сыртқы жауды техниканың күшімен құртуға болады. Ал ішкі жауды ешқандай ракетамен атып түсіре алмайсың. Нәпсіқұмарлыққа бір салынып алсаң, оны тоқтатуға ғылымның да, білімнің де шамасы жетпейді.

Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

@kitapuzindisi
18 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-05 08:57:46 Біздің күйбең тіршілігіміз тек сол бала-шағаның өз қолын өз аузына жеткізу үшін берілгеніне барған сайын көзім жете түседі. Кәдімгі қазақы пәлсапаның көкесі осы-ау деймін. Басқасын білмей тұрмын.

Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"

@kitapuzindisi
14 views05:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 20:24:43 Белгілі бір дәрежеде жетістікке жеткен кісі онысын басқаларға міндет қылмауы тиіс. Аллатағаланың алдында сұрауда тұрған молда "Мен дін жолында қызмет еттім" дегенде Жаратқан ием айтқан екен: "Сен мұның бәрін өз қарақан басыңның жағдайын жасау үшін істедің. Адам болып өмір сүру, тіпті, басқа әңгіме". Көрдіңіз бе, қандай философия?! Айналып келгенде, сенің фонограммамен ән салғаның тұрмақ, бес уақыт намазыңды міндет қылуға қақың жоқ.

Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"

@kitapuzindisi
18 views17:24
Ашу / Түсініктеме
2021-09-01 20:24:43 Ұстаздың ұстаздығы алыпсатардың таразысымен өлшенбейді. Алдындағы оқушылардың кім болып жүруімен, жыл емес, ай емес, күн емес, тіпті әр сағат сайын кім болып жүруіңмен өлшенеді.

Халықта: "Кім екеніңді айтып берейін, сен жолдасыңның кім екенін айтып берші" дейтін тәмсіл сөз бар. Сол секілді "біліміңнің, адамдығыңның қандай екенін айтып берейін, сен маған ұстазыңның кім екенін айтып берші" деп те сәл өзгертіп айтуға болар еді. Оқушы мұғалім аузына қарап өседі.

Қабыш Жаркенов "Мұғалімдер"

@kitapuzindisi
18 views17:24
Ашу / Түсініктеме
2021-08-31 21:10:40 Жас бала — жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты түзейміз десең, сындырып аласың. “Баланы бастан„ деген сөздің мәнісі осы.

Мағжан Жұмабаев "Педагогика"

@kitapuzindisi
17 views18:10
Ашу / Түсініктеме
2021-08-29 22:03:06 Ұнның өзін елеп, керегін қалдырып, кебегін тастаған секілді не нәрсені болсын өз ойыңның елегінен өткізіп барып, ең жоғары сортты ұн секілді пайдаланбасаң, оның дәмі де мәні де болмайды.

Көпен Әмірбек "Сөйле десең, сөйлейін!"

@kitapuzindisi
17 views19:03
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 13:46:19 – Тірі кезімізде бәріміздің де қадіріміз жоқ. Әлгі "еттің дәмі піскеннен кейін, адам қадірі өлгеннен кейін білінеді", - деген осы, шырағым.

Дәлелбек Батыр "Тастандының тағдыры"

@kitapuzindisi
18 views10:46
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 13:46:19 Әйел мен еркек қосылғанда бір-біріне дүниедегі ең асыл сөздерді тауып айтса, ажырасқан кезде не бір адам құлағы төзбейтін лас сөздерді түйдек-түйдегімен боратады екен...

Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"

@kitapuzindisi
18 views10:46
Ашу / Түсініктеме
2021-08-24 13:46:19 Қазіргі жас жігіттер қызық осы. Еңбексіз, толғақсыз бәрін оп-оңай біліп алғысы келеді. "Ғылым - инемен құдық қазғаннан қиын" деген нақылды ұмытқан. Сейіл-серуен, ресторан, қыз-қырқын. Сөйтіп жүріп ғылыми атақтан дәмелі. Ғылымға мұндай тоғышарлық көзқарас қажет емес.

Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"

@kitapuzindisi
17 views10:46
Ашу / Түсініктеме