Get Mystery Box with random crypto!

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ НЫҒАЙТАТЫН СӨЗДЕР Әке мен ана бақытты бол | Ая🌸

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ НЫҒАЙТАТЫН СӨЗДЕР

Әке мен ана бақытты болса, үйдегі бала да бақытты болады. Тату отбасында өскен сәби ертең ер жеткен соң да өзге біреуді жылатпайды, айналасына шуақ шашады. Ендеше, төменде қарым-қатынасыңызды нығайтатын немесе керісінше арадағы сыйластыққа сызат түсіретін бірнеше үлгіні топтастырып көрдік.

Сен үйде ештеңе істемейсің. Көмектеспейсің.
Мен сізсіз жасай алмаймын.

Не істесең де өзің біл.
Асықпай, ақылдасып шешейік, жарай ма?

Сенімен сөйлескім кеп тұрған жоқ.
Осы әңгімені сәл кейінірек сөйлесейікші.

Ылғи осылай сөйлейсің.
Мұндай сөздер маған ауыр тиеді.

Ылғи өстіп әдейі істейсің.
Мені ренжіткің келмегенін білемін.

Сен менен басқа кімге керексің?
Сіз ең жақсы әйелсіз (жігітсіз)

Сен мені ешқашан түсінген жоқсың.
Бір-бірімізді түсінсуге тырысайықшы. Асықпай сөйлесейік.

Дұрыс істеп жүрмін ба, жоқ па, оны сенен сұрамаймын.
Менікі қате болды, кешір.

Жұмыстамын, кедергі жасамашы.
Бүгін жұмыс көп боп тұр.

Үнемі осы, сенен ешқандай жақсылық көрмедім.
Маған бұлай әділетсіздік жасамашы, сен мен үшін қымбат адамсың.

Бір-бірлеріңізге үнемі жылы қабақ танытып, жұмсақ сөйлеп тұрыңыздар. Жақсы сөзден жан семіреді, жылы сөз жанды жылытады. Ең жақын адамдарыңыздан ең жақсы сөздеріңізді аямаңыздар, құрметті ер-азаматтар мен нәзік жандылар!
ОТБАСЫЛАРЫҢЫЗҒА БАҚЫТ, БАЙЛЫҚ, БЕРЕКЕ ТІЛЕЙМІН!