Get Mystery Box with random crypto!

​​Ұлттық лицей және Солтүстік өңірлер QAZBILIM өмірге келгелі | AYATZHAN / Мінез!

​​Ұлттық лицей және Солтүстік өңірлер

QAZBILIM өмірге келгелі тек қазақ тілінде ғана жұмыс жасап келеді.

Орыс тілінде топ ашылған емес,
Орыс тілінде жарнама жасалған емес,
Орыс тілінде іс қағаз жүргізілген емес.

2020 жылы желтоқсанда Қызылжар (Петропавл) қаласынан Республикалық QAZBILIM орталығын әуелгі ұстаным сол өңірдегі қазақ тілді білімнің сапасына, ұлтқа қызмет ету еді. Сол үшін жылына неше оқушыға грант беріп ұстап келеміз.

Ал, Қостанайдан QAZBILIM ұлттық лицейін ашу жұмыстарын бастай салғанда өңірдегі азаматтардың басты сұрағы мектепті қалай толтырасыңдар, оқушы табу қиын ау, - деген сұрақ болды. Сол кездегі жауабым, мен ұлттық мектепті ауданы басты мақсатым бизнес емес, керек болса өз қалтамнан грант беремін деген едім.

Кеше ашылу қарсаңында сол сөзім бойынша Ахаң туған далада ашылып жатқан ұлттық лицейге Ұлт ұстазының 150 жылық мерейтойына орай 50 оқушыға грант бердік!

Грантқа 5-11 сынып арасындағы кез-келген оқушы қатыса алады. Грант QAZBILIM олимпиадасы негізінде іріктеледі. Олимпиада 23 тамыз күні өтеді. Алдын ала тіркелу міндетті.

Байланыс: 8701 754 8008.

Қостанай өңіріндегі тілдік, ұлттық мәселелер Петропавл, Павлодар қалаларынан да ауыр секілді сезілді.
Ұстазадар қосынын конкурс арқылы алдық және Астана, Алматы қаласындағы QAZBILIM ұжымынан апардық.

Әлі біраз қадамдар бар, біз әлі көп нәрсе жасаймыз! Күтіңіздер!