Get Mystery Box with random crypto!

​​Кешегі мешіт туралы әңгімеде ол бюджет қаржысына салынбаған, | AYATZHAN / Мінез!

​​Кешегі мешіт туралы әңгімеде ол бюджет қаржысына салынбаған, жеке қалталы азаматтардың қаржысына салынған деді.

Иә, 235 мың адам бір уақытта құлшылық жасай алатын 10 гектар аумаққа орналасқан мешіт елімізге, бас қарға сән береді. Жұма күні жұрт толар, басқа күні бос тұрады.

Біз осы мектеп сап көрейікші, бір бай демеуші боп қалар - деп, Петропавл мен Павлодардың бірінен ұлттық мектеп интернатын салу мақсатында, көмек сұрап көргеміз. 3 айдан астам уақытта 2 657 234 теңге жиналды.
Яғни, жұрт аса құлықты емес.
Мектеп интернатының мақсаты үлкен еді, шеттегі өзге ұлтқа жұтылып бара жатқан қазақтардың балаларын алдырып, оқыту мәселесі тағы бар, солтүстікті қазақыландыру, қазақ ұлттық мектептерін дамыту мәселесі тағы бар. Бірақ, өкінішке демеу болар қалталы көрмедім. Тіпті Ақсуатта ұлан асыр той жасап, тойға шашып жүрген ұлтжанды ағамыздың жекесіне ұсыныс жасадық. Жоқ, мектепке емес тойға шашады.

Бірақ, дәл қазір біз үшін ең өзекті мәселе үш ауысымды және апаттық мектептерді жою. Мемлекет мектеп салуға барынша кірісті. Қарқын бұрынғыдан тездеді. Бірақ, алдағы 10 жылда үш ауысымды мектеп пен апаттық жағдайдағы мектеп мәселесі шешіледі деп ойламаймын.

Себебі, елде ресми 150 ден астам үш ауысымды мектеп бар, ал бей ресми саны осының екі есесі болатыны анық. Зорлықпен екі ауысым жасап жасырып отырған өңірлер жетерлік.

Бір ғана жаңа Алматы облысында 62 мектеп үш ауысымда.

Оның үстіне биыл 174 мың бала 11 сынып бітірсе, 400 мың бала 4 сыныпты бітіріп жатыр. Төменгі жақта демографиялық толқын бар. (Өс қазақ, көбей!).

Біз үш қалада (Атырау, Ақтау, Қостанай) ресторанды мектепке айналдырып, QAZBILIM лицейін аштық. Осылай ресторандарды да өзгерту керек мектепке айналдырып, қалталы азаматтар жеке мектептерді көптеп салу керек.

Сапалы заманауи дүниемен жабдықталған жұрт кіру арман болған BINOM секілді мектептер Астанадан ғана емес, өңірлерден, моно қалалардан да салыну керек!

Бізге мынау елді дамыту үшін білімді, сапалы қазақ керек!
Білімсіз адам бәрін сатып алуға бейім тұрады, ал жемқорлық елдің түбіне жетеді.

Әлі де үлес қосамын дегендер болса, ақпарат суретте