Get Mystery Box with random crypto!

Ауылдастар

Telegram арнасының логотипі auyldastarym — Ауылдастар А
Telegram арнасының логотипі auyldastarym — Ауылдастар
Арна мекенжайы: @auyldastarym
Санаттар: Жаңалықтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 8.74K

Ratings & Reviews

2.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар

2023-07-07 12:51:52
"Ауыл нақыштары" тақырыбы бойынша өткізілетін фотобайқау жарияланады.

Толық ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз

https://auyl.kz/new/755/
4 views09:51
Ашу / Түсініктеме
2023-07-05 23:05:33
26 views20:05
Ашу / Түсініктеме
2023-07-05 13:41:54
Құрметті оқырман!

«Ауыл нақыштары» фотобайқауы басталғанын хабарлаймыз.

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алады.

Байқауды ұйымдастыру шарттары мен қазылар алқасы бекітіліп, ерекше суреттерге арнайы жүлде беру туралы ұсыныс қабылданды.

Байқаудың жүлде қоры – 1 800 000 теңге.

Фотобайқау шарттарымен auyl.kz сайтында таныса аласыздар.
28 views10:41
Ашу / Түсініктеме
2023-07-05 11:52:18
«Ауыл» ХДПП басшылығы мен "QazInnovations" инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ-ның кездесуі өтті.
24 views08:52
Ашу / Түсініктеме
2023-07-05 07:42:26
Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «QazInnovations» инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басшылығының кездесуі өтті.

Партия Төрағасының орынбасары Қ. Айтуғанов пен «QazInnovations» Басқарма Төрағасы С. Аханов партияның бастамалары мен оларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

____


3 июля прошла встреча руководства НДПП "Ауыл" и АО «Национальное агентство по развитию инноваций «QazInnovations».

Заместитель Председателя Партии К.Айтуганов и Председатель Правления «QazInnovations» С.Аханов обсудили проекты-инициативы Партии и возможность сотрудничества в их реализации.
29 views04:42
Ашу / Түсініктеме
2023-07-04 15:48:42
Бүгін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жастар қанаты «Жаңа Қазақстандағы ауыл жастары» атты конференция ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің өкілі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы», «Жастар рухы» жастар қанаты, «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы, «Республика» партиясының жастар қанаты, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымдарының басшылары қатысты. Сонымен қатар, «Ауыл» жастар қанатының өңірлік филиал жетекшілері онлайн байланысқа шықты.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясы Жастар қанатының құрылымы талқыланды. Сондай-ақ, стратегиялық даму жоспары таныстырылды. Биылғы жарты жылдықта жастар қанатының атқарған жұмыстары слайд ретінде көрсетілді.

Іс-шара барысында еліміздегі өзге де жастар ұйымдарымен ынтымақтастық орнату, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
30 views12:48
Ашу / Түсініктеме
2023-07-03 14:38:06
Петропавлда сүтті ірі қара мал шаруашылығының алғашқы халықаралық көрмесі өтті

Петропавлда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, Қазақстанның Сүт одағының және «Ауыл» ХДПП қолдауымен 30 маусым мен 1 шілде аралығында екі халықаралық Агро көрме – «Pro сүт. Трендтер '23» 2-ші Халықаралық форумы және «QazaqSut» сүт өнімдерінің алғашқы халықаралық көрмесі өтті.

Екі күн ішінде салалық көрменің жұмысына Қазақстаннан, алыс және жақын 12 елден 1000-нан астам делегат қатысты. Бұл Қазақстандағы аграрлық форумдар мен конференциялар үшін абсолютті рекорд.

Осы Халықаралық көрме аясында СҚО мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі, «Жолдасбай Агро» фермерлік шаруашылығының басшысы Сүйіндік Жолдасбаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" ведомстволық наградасымен марапатталды.
36 views11:38
Ашу / Түсініктеме
2023-07-03 07:43:14
Мәжіліс депутаты Қарақат Абденнің өңірлерге іс-сапары басталды

Мәжіліс депутаты Қарақат Абден 2023 жылғы 3-4 шілде күндері сайлаушылармен кездесу үшін Ақмола және Қарағанды облыстарына барады.

3 шілде күні сағат 10:00-де Қарақат Абден Қорғалжың ауданына қарасты Сабынды ауылының тұрғындарымен жүздеседі.

3 шілде сағат 14:30-да Қорғалжың ауданының орталығында орналасқан Мәдениет үйінің ғимаратында депутат аудан тұрғындарымен кездеседі.

Сағат 15:30-дан бастап аймақ тұрғындары Мәжіліс депутатының қоғамдық қабылдауына қатыса алады.

Қ.Абденнің іс-сапары 4 шілде күні Қарағанды облысы Нұра ауданында жалғасады.

Қосымша ақпарат үшін:
Еламан Маратұлы - 87055840023

Электронды пошта: Abden@parlam.kz
38 views04:43
Ашу / Түсініктеме
2023-07-02 05:07:31
Ұлттық домбыра күнімен!

Нағыз қазақ - қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра...

Халық ақыны Қадыр Мырза Әлінің өлең тармақтары ұлттық аспабымыздың шынайы қасиетін дәріптейді, айғақтайды.

Сымдай тартылған қос ішектен төгілген күйде халқымыздың тарихы жазылған.

Домбыраның шанағынан құйылған күмбірлеген әуенде қазақтың болмысы, табиғаты суреттеледі.

Домбыра - көнекөз шежіреші, ұлттық қалыптың идентификаторы.

Шілденің бірінші жексенбісі осымен алтыншы жыл қатарынан ұлттық аспабымызды айшықты төріне жайғастырып, халықтың рухани мұрасын жаңғыртуға септесіп келеді.

Құрметті қауым, Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
38 views02:07
Ашу / Түсініктеме
2023-07-01 19:03:29
Бүгін Астана қаласында «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Оған партия басшылығы, Мәжіліс депутаттары, «Ауыл» ХДПП өңірдегі филиал басшылары мен Орталық аппарат мүшелері қатысты.

Отырыс барысында 2023 жылы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау нәтижелері, Партияның алдағы мақсаттары мен жоспарлары қаралды.

Алғаш болып сөз алған саяси партияның Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев партияның жиырма жыл бойы қол жеткізген жетістіктерін саралай келе, алда атқарылуы тиіс бірқатар мәселелерге кеңінен тоқталып өтті.
40 views16:03
Ашу / Түсініктеме