Get Mystery Box with random crypto!

Әуезовтіктер әлем чемпионы Махмұд Сабырханды күтіп алды Бүгін | М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Әуезовтіктер әлем чемпионы Махмұд Сабырханды күтіп алды

Бүгін ел мерейін үстем еткен бокс әлем чемпионы Махмұд Сабырхан әуежайдан салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті. Жеңімпазымызды әуежайдан университетіміздің басқарма төрағасы - Ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы, студенттер мен жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алып, ерекше құрмет көрсетті.
Махмұд Сабырхан өзіне қолдау білдірген барлық жанкүйерлерге және университет басшылығына алғысын білдірді.
Сондай ақ, М.Сабырхан өз сөзінде 2 жыл бұрын Белградта келесі әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие боламын деген уәдесін орындағынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында боксшымыз 54 келі салмақта топ жарып, қазақ елін төрткүл дүниеге танытқан болатын.
______

Сегодня в аэропорту состоялось торжественная встреча чемпиона мира по боксу Махмуда Сабырхана.
В аэропорту нашего чемпиона встретили Председатель правления - Ректор нашего университета Кожамжарова Дария Пернешовна, студенты и болельщики.
Махмуд Сабырхан поблагодарил всех болельщиков и руководство университета за поддержку.
Также М.Сабырхан в своем слове отметил что сдержал свое обещание выиграть золото, данное в прошлом чемпионате мира в Белграде.
Напомним, что наш боксер стал чемпионом мира в весовой категории до 54 кг в чемпионате мира по боксу в столице Узбекистана, Ташкенте.