Get Mystery Box with random crypto!

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың түлектеріне арналған «Жас маман - 20 | М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың түлектеріне арналған «Жас маман - 2023»
бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығы Шымкент қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығымен бірге университетіміздің бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман - 2023»
бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің басты мақсаты жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасуына көмек көрсету болып табылады. Нақтырақ айтсақ кәсіпорындар, ұйымдар, білім беру мекемелері және басқа да жұмыс берушілерді жәрмеңкеге шақырып, оларды түлектермен кездестіріп, жұмысқа орналасуы туралы алдын-ала келісімдер жасау. Өткізілетін іс-шара барысында түлектер мен жұмыс берушілер арасында тікелей қарым-қатынас орнатып, әрі қарай жұмысқа орналасуға көмек көрсету болып табылады.
Жәрмеңкеде жергілікті атқарушы орган өкілдері, білім беру ұйымдары басшылары, облыстық және аймақтық кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері: «Рахат Шымкент» ЖШС, «Фудмастер» ЖШС, «Бөрте милка» ЖШС, «Бал текстиль» ЖШС,   ДП ОРТАЛЫК ЖШС,
СП Акбастау АҚ, АППАК ЖШС, СП ЮГХК ЖШС, ЖШС «Asia trafo», «Казфосфат» ЖШС (Тараз қ.), Астана қаласы полиция департаменті және басқада құзырлы органдар өкілдері қатысып, студенттерімізге жол көрсетті.
___

Сегодня Центром по поддержке карьеры и трудоустройства Южно - Казахстанского университета имени М.Ауэзова совместно с центром занятости населения города Шымкент было организовано ярмарка вакансий «Молодой специалист -2023» для выпускников нашего университета.
Главной целью ярмарки является содействие в трудоустройстве выпускников университета, повышение эффективности трудоустройства посредством приглашения на ярмарку представителей предприятий, организаций и школ, организация их встреч с выпускниками, заключение предварительных договоров по трудоустройству. Данное мероприятие устанавливает непосредственную связь между выпускниками и работодателями, это дает возможность выпускникам встретиться одновременно с несколькими работодателями и в дальнейшем иметь возможность трудоустроиться.
На ярмарке присутствовали представители местных исполнительных органов, руководители организаций образования, представители областных и региональных предприятий и учреждений такие как ТОО «Рахат Шымкент», ТОО "Фудмастер", ТОО "Берте милка", ТОО "Бал текстиль", ТОО ДП центр,
Присутствовали представители АО СП Акбастау, ТОО АППАК, ТОО СП ЮГХК, ТОО «Asia trafo», ТОО «Казфосфат» (г. Тараз), Департамента полиции г. Астаны и другие компетентные органы.