Get Mystery Box with random crypto!

Оңтүстік өңіріне арнайы экскурсиямен келген НарХОЗ университет | М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Оңтүстік өңіріне арнайы экскурсиямен келген НарХОЗ университеті студенттері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде.


НарХОЗ университетінің белсенді жастары арнайы экскурсия барысында шырайлы Шымқалаға келіп аялдады. Белсенді жастар құрамын Бәйдібек би аланынан оқу орнымыздың студенттері күтіп алды. Қос оқу орны студенттері арадағы бауырластықты арттырып, алдағы 1 күнде қаланың көрікті жерлерін аралап, тынысымен тану жоспарланған.
Алматылық қонақтарды оқу орны Бас ғимараты алдынан Басқарма төрағасы, ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы мен университеттің оқытушылық құрамы күтіп алды. ЖОО басшылығы өз атынан ыстық лебіздерін білдіріп, сәтті сапар тіледі. Ізденімпаз жастарды қолдау мақсатындағы осындай бастама үшін НарХОЗ басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Экскурсия оқу орнымыздын басты жәдігерлерінің бірі - Мұхтартану кабинетінде жалғасты. Студенттер мұнда жазушының өмірі мен еңбек жолы, зерттеулерімен жіті танысты. Сонымен қатар Бас ғимарат 340 аудиторияда жастарға арналған кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттер Университет тарихына көз жүгіртіп, оқу жүйесі мен жетістіктері жайлы ақпарат алды. Қос оқу орнының ұқсас тұстары мен тәжірибе алмасуға тұрарлық оқу әдістері жайлы пікір алмасты.
Студенттер сапары одан ары Шымқаланың асханасымен ерекшеленуде. Оңтүстік асханасындағы дәмі тіл үйірер тағамдар қойылып, қонақтарға кең дастархан жайылуда. Келесі меже қала мақтанышына айналған - этно-ауыл көне қалашығын аралау. Сонымен қатар студенттерді жатақханаға жайғастырып, кешкісін көңіл көтеретін іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.