Get Mystery Box with random crypto!

Фиқһуль Әкбәр кітабы Әбу Ханифаныкы емес деп күмән келтіргенде | Рухани азық📚

Фиқһуль Әкбәр кітабы Әбу Ханифаныкы емес деп күмән келтіргендер

Мухаммад ибн Иброһим (رحمه الله) осындай есімді Саудияның муфтиі дүниеден өткен. Шейх Ибн Баздан алдын муфти болған. Олар оны үлкен ғалым дейді. Сол кісі осы мәселеге қатысты “ Мәджмуғу росәил “ берген фатуалары, т.б. лар жинақталған кітабында осы мәселеге қатысты мынадай сөздері бар: “ Фиқһуль Әкбәр кітабы Хаммадтың риуаятымен келген Әбу Ханифадан (رحمه الله) келген сенімді кітап. Бірақ ол кітап, кейбір өздерін Ханафимыз деген, бірақ ақидасы Әбу Ханифаның ақидасына сай келмеген адамдарға жақпаған кезде кітапқа күмән келтіріп, бұл кітап Әбу Ханифаныкы емес деп айтты “ деді.

Біз Аллаға шүкір Ханафилерміз. Біз ол кітапты мойындап тұрмыз. Бұл кітапқа күмән келтіріп жатқан жоқпыз. Егер Шейх Мухаммад ибн Иброһим тірі болғанда сол медресенің адамдарының күмән келтіріп жатқанын көрер еді. Сол кітаптың ішіндегі ережелер өзіне қайшы келіп жатқаннан кейін.

Біз емес оған күмән келтіріп жатқан. Бұл Имам Әбу Ханифадан (رحمه الله) келген кітап болып есептеледі.