Get Mystery Box with random crypto!

الطيبون لا تتغير صفاتهم حتى لو تغيرت أحوالهم... فالكريم يظل كر | Рухани азық📚

الطيبون لا تتغير صفاتهم حتى لو تغيرت أحوالهم... فالكريم يظل كريما حتى لو افتقر والمتسامح يظل متسامحا حتى لو ظُلِم... بعض الوجوه جميلة حتى في عتابها... و بعض الوجوه مريبة حتى في إبتسامتها... لذلك من إعتاد أن يهدي الورد... فسيبقى شيء من العطر بيده ما دمت تفعل الخير... فسيصلك أثره إن لم يكن في الدنيا فسيكون في الآخرة لا محالة.

Аудармасы:

Жақсы адамдар - олардың сипаттары өзгермейді, тіпті жағдайлары өзгерсе де. Жомар адам - жомарт болып қала береді, тіпті кедей болып қалса да. Кешірімшіл адам - кешірімшіл болып қала береді, тіпті өзіне зұлымдық істелсе де. Кейбір жүздер әдемі, тіпті ол сөгіс айтып жатса да. Кейбір жүздер күмәнді, тіпті саған жымиып, күліп тұрса да. Сол үшін де кімде-кім гүл сыйлауды (жақсылық жасауды) әдетке айналдырса, жақсылық жасауды үзбейінше, соның әтірінен қолында бір нәрсе қалады. Оның (жасаған жақсылықтың) әсері дүниеде болмаса да, ақыретте міндетті түрде саған жетеді.

P/S: Жақсылық жасауды тоқтатпайық. Онсыз да жамандық жасап жатқандар көп...
@bakdaulet.amanbay