Get Mystery Box with random crypto!

​​ Құрметті педагогтер! 2022 жылғы 28 маусымнан бастап app.t | Аттестация 2024

​​ Құрметті педагогтер!

2022 жылғы 28 маусымнан бастап app.testcenter.kz сайтында Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

ҰБТ өткізу мерзімі: 11-29 шілде аралығы.

Бұл тестілеуге қатыса алады:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар.

————————————————

Уважаемые педагоги!

С 28 июня 2022 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на Национальное квалификационное тестирование.

Период проведения тестирования: с 11 по 29 июля.

В данном НКТ могут принять участие:
педагоги дошкольных организаций воспитания и обучения;
методисты организаций образования (кроме методистов методических кабинетов (центров));
педагоги общего среднего образования;
педагоги дополнительного образования (для воспитателей интернатных организаций, общежитий и специальных организаций);
руководители организаций образования, методических кабинетов (центров);
педагоги организаций технического и профессионального, послесреднего образования (педагоги по общеобразовательным предметам, по общепрофессиональным и специальным дисциплинам, общегуманитарным и социально-экономическим дисциплинам);
выпускники вузов и колледжей по педагогическим направлениям (бакалавриат-очное, бакалавриат-сокращенное, магистратура);
кандидаты без стажа, имеющие техническое и профессиональное, высшее и/или послевузовское образование по педагогическим (специальностям) направлениям.