Get Mystery Box with random crypto!

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 5,2 млн теңгені иемденіп алған | Atameken Business - Жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 5,2 млн теңгені иемденіп алған азамат сотталды

Ол аталған қаржыны әкімшілік іскерлік орталықтағы үй құрылысына бөлінген қаржыдан жымқырған. Экономикалық тергеу департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотталушы құрылыс кезінде жылу оқшаулайтын шынының құнын асыра қымбат қылып көрсеткен. Сөйтіп ол қаржыны өзі иемденген. Алайда оның әрекеті көп ұзамай әшкере болды.

Тергеу кезінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Қаржы мемлекетке қайтарылды. Кінәлі 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 4 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда, түрлі мекемелерде басшылық қызметін атқара алмайды.

t.me/atamekenbusiness_qaz