Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан сөз бостандығы жөнінен Африка елдері деңгейіне түсті | Atameken Business - Жаңалықтар

Қазақстан сөз бостандығы жөнінен Африка елдері деңгейіне түсті

Құқық қорғаушылар GxR жаңа баяндамасын жариялады. Онда дүниежүзіндегі 161 елдегі сөз бостандығы, пікір білдіру еркіндігі 25 көрсеткіш бойынша сараланған.

Бұл жаһандық рейтингте Қазақстан өкінішке қарай өте нашар баға алып отыр. Республика биыл небәрі 21 ұпаймен әлем елдері арасында 121-орынға түсті.

Тіпті африкалық елдер де Қазақстаннан жоғарыда тұр. 
Жоғарыда Ирак (111), Камерун (114), Палестина (116), Сомали (117), Эфиопия (118), Уганда (119) орын тепті.

"Жаңа Қазақстанды" астыңғы жақтан да африкалық елдер қоршап, қаумалап тұрған көрінеді. Гвинея да 21 балмен 122-ші тұғырға тұрақтады. Зимбабве 123, ал Судан 125-орында жайғасыпты. Толығырақ

t.me/atamekenbusiness_qaz